Халық артисі Мақпал Жүнісова тұрмысқа шығатынын айтып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Оның болашақ жары кім екені әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Әншінің бұл мәлімдемесі Youtube әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда Мақпал Жүнісова күйеуге шығатынын айтып, қалжыңдайды. Әншінің әзілге толы әңгімесін Айжан Нұрмағамбетова да қостап, екеуі күлкіге қарық болып жатыр.
Құрметті халайық! Бүгін мен үшін ерекше күн. Талдықорғанға келіп күйеуге шығайын деп жатырмын. Қыз жолдас Айжан Нұрмағамбетова болады. Неке сарайында бүгін баспасөз жиыны өтейін деп жатыр. Бір жігіт дайындап қоймадыңдар ма деп айтып жатырмын. Қалжың, — деді Мақпал Жүнісова.
Ал желі қолданушылары жалғызбасты әншінің сыңарын тауып, бақытты болуға лайық екенін жазған.
"Адамның көңілі ешқашан қартаймайды. Жарайсыз, Мақпал апай", "Дарақы күлкі, дарақы әзіл!", "Адам қай жаста болса да бақытты болуға хақысы бар ғой", "Мақпал апай, шығыңызшы! Қартайғанда бірге шай ішіп, шүйіркелесіп отыратын адам керек қой! Тек Мерей қарсы болмаса болды!", "Әрқашан осылай күліп, қалжыңдап жүре беріңіз", "Бақытты болыңыз", — деп жазды желі қолданушылары.