«Мен сені жақсы көремін»: Елшібаева өзі сынап жүрген Тұрсынбаеваның құдалығына барды

Танымал айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева Алматыда құдаларын шақырып, қонақ қылған болатын. Ең қызығы бұл тойға ақынды үнемі сынап жүрген жыршы Айгүл Елшібаева де келіп, өнер көрсетті.

Елшібаева екеуміздің арамыздағы сыйластықты, ібілістің ізіне ергендердің жамандығынан сақтасын деді. 

"Алты алаштың аяулы ақыны Айнұрдың баласы Ақ Бегланның тойына, қазақтың өнер шеберлерінің концертімен гостролдік сапарда жүріп жете алмай қалдым. Қазақ өнерінде айтыстың алдаспанын жарқыратқан Айнұр ақынды 18-жасымнан танимын. Сахнада өнер салтанатын құрып, қазақ-қырғыз айтысында қазақ қыздарының намысын қорғаған, Айнұржанның айтыс өнеріне құрметім ерекше. Арамызда сіз-біз дескен сыйластыққа сызат түсірген, кейбіреулердің арамза ойыны мен ойы, екеуміздің арамыздағы сыйластыққа, өнерімізге құрметімізге еш қылау түсірмейді деген сенімдемін.

Ақ Айнұрдың бойындағы мәрттігі, ақылы, кең пейілі, қалжыңы қазақ қызының болмысына тән. Мен сені жақсы көремін, екеуміздің арамыздағы сыйластықты, ібілістің ізіне ергендердің жамандығынан сақтасын. Балапандарың бақытты болсын, той- тойға ұлассын.

Сен, менің жүрегімде 18-жасымда Алматыға арнайы, әнімді тыңдау үшін Жамбылдан іздеп келетін рухани өнердің шын жанкүйері болып, қаласың. Айекем аман жүр! Айгүл құдалықты көтереді деген тілекті жазбаң, бүгін орындалды",- деп жазды Елшібаева.

Көпшілік екі өнер иесінің татуласқанын қолдаса, бірқатары "осыншама уақыт өлтіре сынап жүрген жыршы бүгін өзгере қалғаны несі", "Ақша не істетпейді", "Айнұрға тілің тигенде сол достықтарыңды ойламадың ба.... қысқа күнде қырық құбылатын адамдарды ұнатпаймын екен",  деген сынды пікірлер жазды. 

Caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста