"Мен оны сүймеймін": Айдарбекованың кенже келіні құдалық күні сырын ашты
Нұртас әулетінің кенжесі Заңғар кеше ресми түрде бойдақтықпен қош айтысты. Ол 9 жылдан бері кездесіп жүрген қалыңдығына сөз салып, көп ұзамай құда түсті. Осы ретте көпшіліктің назары Айдарбекованың ендігі келініне ауды. Заңғардың үйленетіні жайлы ақпарат тараған соң, оның сүйіктісі Жібек Қайратқызының әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа оқырмандар легі ағылып, олардың саны 117 мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Осы ретте бойжеткен Заңғар екеуінің хикаясы жайлы баяндады.
"Салюттер, фейерверктер, жанымызда жақын достарымыз бен қонақүй шатырында: "Менің шексіздігім бол" деген үлкен жазу. Барлығы екеуміз университеттің бірінші курсында келіскеніміздей болды", – деп бөлісті Жібек Заңғардың сөз салған күнін еске алып.
Екі жас отау құрмас бұрын 9 жылға жуық кездескен. Айтуынша, осы күнге жетуі үшін екеуі "ұзақ жолды жүріп өткен". Осы уақыт ішінде екеуі сан мәрте айырылысып, қайта табысқан. Тіпті махаббат бітті деп ойлаған кездері болыпты.
"Қандай ақылға қонымсыз шешімдер қабылдасақ та, бізді қолдаған жақындарымызға рахмет. Айырылысып: "Болды, оны сүймеймін", "Бұл жолы нақты айырылыстық, басқа қызға үйленемін", – деген сөздермен соңғы бірнеше жылда елдің бәріне қаншалықты мезі болып біткенімізді білсеңіздер ғой.
Әркез өз жүректеріңізді таңдаңыздар, қалғанының маңызы жоқ. Барлығына бақыт тілеймін", – деп түйіндеді сөзін Жібек.