Жәния Джуринская желі қолданушыларымен ашық сөйлесті. Сұрақтарға жауап беріп, жеке көзқарастары мен жеке өміріне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі stan.kz-ке сілтеме жасап.
Актриса желі қолданушыларымен ашық әңгімеге көшті. Әңгіме барысында опасыздық жайына қатысты өз ойын айтты.
Желідегі оқырмандары “күйеуіңізбен ауылға көшуге келісесіз бе? Сатқындық жасағанын кешіре аласыз ба?” деген сауалдар қойды.
Актриса тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі туралы айтты. Жанкүйерлері Instagram желісінде түрлі сауал жолдап үлгерді.
"Мен 30 жасымда тұрмысқа шықтым. Мен үнемі бір кәсіппен айналыстым және осы күнге дейін айналысамын, яғни неке мені өзгерткен жоқ және менің өмір салтыма кедергісін тигізген жоқ. Мысалы, жақында бір жобамен айналысқаныма 1 жыл болады. Мен оны өзім ойлап таптым және оған өзім ақша салып отырмын, жобаның шығармашылыққа мүлде қатысы жоқ. Менің ойымша, ең алдымен, сіз өз орныңызды табуыңыз керек. Тұрмыста болсаңыз да, болмасаңыз да, айналысатын бір кәсіп болу керек. Өйткені, әрқайсыларыңыз талантсыздар", - деді актриса.
<iframe class="instagram-media instagram-media-rendered" id="instagram-embed-0" src="https://www.instagram.com/reel/CaVDvyWlznq/embed/?cr=1&v=14&wp=540&rd=https%3A%2F%2Fstan.kz&rp=%2Fnews-361828%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A919.5%2C%22ls%22%3A644.2000000001863%2C%22le%22%3A715.5%7D" allowtransparency="true" allowfullscreen="true" frameborder="0" height="1060" data-instgrm-payload-id="instagram-media-payload-0" scrolling="no" ></iframe>
Тағы бір жанкүйер Джуринскаядан “қажет болса, күйеуімен бірге ауылға көшіп кетер ме едіңіз?” деп сұрады.
"Ол өзі бармас еді, бұл анық. Оған жұмыс ауыстыру оңайырақ", - деп сендірді болашақ ана.
Сондай-ақ ол опасыздықты кешіру туралы ойын айтты.
"Мен оның опасыздығын кешіре алмаймын, сатқындықты кешіруге бола ма?" – деп әзілдеді Жәния.