Ораза айында Қайрат Мырзаханов екінші рет әке атанып отыр. Әншінің достары мен әріптестері инстаграм арқылы құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.
Бірнеше жыл бұрын отау құрған Қайрат Мырзаханов қызды болды. Бұл жағымды жаңалықпен бөліскен өнер иесінің достары әлеуметтік желі арқылы құттықтап, жылы лебіздерін білдерген болатын. Алайда, «Меломен тобы» Қарағанды қаласында концерт беріп жүр екен. Олардың сахнада өнер көрсеткен сәттері инстаграм бетіне шықты. Осыдан екі жыл бұрын Қайраттың тұңғыш ұлы Әбубәкір дүниеге келгені көптің есінде болар. Шолпан мен Қайратқа балаларының қуанышына тоймасын дегіміз келеді!
Жақында Лұқпан Жолдасов «ата» деген атқа ие болды. Себебі, оның ұлы гитарист Болат Жолдасов әке атанды. Алдағы уақытта сазгер, әнші Лұқпан мырза немересіне арналған ән шығарып жатса таң қалмаңыздар деп, журналистер жарыса жазған еді. Енді, 25 маусым күні әншінің отбасы мен туыстары Болаттың ұлын перзентханадан шығарып алды.