Мектепте Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залының ашылуы жұрттың ашуын тудырды

Мектепте Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залының ашылуы жұрттың ашуын тудырды

Алматыдағы №157 мектепте Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залы ашылғаны туралы хабар бұрынырақ тараған еді. Бұл жайында әіншінің директоры Фариза Спандияр Инстаграмдағы парақшасында жазды.

"Бүгін бізде тағы бір қуанышты жаңалық. Наурызбай ауданындағы нөмірі 157-ші мектептің ішінен Ұлы Дала баласы - Төреғали Төреәлі атындағы мәжіліс залы ашылды. Ендi мектептің барлық іс-шаралары осында өтетін болады» деді Ф.Спандияр.

Тіпті ғаламторда аталған мектеп оқушыларының әншіні ел ағаларына сай үлкен құрметпен қарсы алғанын көрсететін видео да бар, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Онда мәжіліс залын Төреғалидың әкесі ашып жатыр.

Сосын бұл жаңалықты әлеуметтік желі қолданушылары сынай бастады. Белгілі ақын Ақберен Елгезек Фейсбуктегі парақшасында осы хабардан тіксініп қалғаны туралы жазыпты. "Мемлекеттік мекеме - мектепте сіңірер еңбегі де, болашағы да әлі алда жап-жас әншінің есімімен мәжіліс залын атау деген не жаңалық тағы?! Төреғали бауырымның талантына түйірдей шүбәм жоқ, бірақ бұл қазақта елге еңбегі өлшеусіз сіңген, атаусыз жатқан қаншама тұлғалар бар ғой! Соны мектеп директоры неге ойламаған?!" дейді ақын.

Ақберен Елгезек. Facebook-тегі фото

Бұл жазбаға пікір білдіргендердің басым бөлігі болған жағдайды оғаш көріп отыр. "Негізі бесіктен белі шықпай жатып, атақтың бәрін алып болды. Енді әрі қарай не қызық. Ұлы Дала баласы дейтіндей не бітірді? Кеудесін оққа тосып, Отанын қорғады ма? Әлде от ішінен Елбасын алып шықты ма? Көзі тірі жүріп, мектептен атына бірдеңелерді беру деген астамшылық. Өлеңін айтып, стадиондарға тыңдарманын жинап, тірі дауыспен еңбек етіп, халқына сүйікті боп жүре берсін. Жасы жер ортадан асқанда, Халық әртісі болсын. Әртіске одан артық қандай атақ керек?" деп жазады Айткүл Шалғынбаева.

Айта кетейік, биыл 1 қыркүйекте Наурызбай ауданында орналасқан №157 жалпы білім беретін мектептің жаңа ғимараты ашылды. Оның құрылысы 2015 жылы басталған екен. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында оның лентасын аталған ауданның әкімі Сайран Сайфеденовпен бірге Төреғалидың әкесі де қиған болатын. Ал әншінің өзі ән орындады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста