«Ай-хай-25» деп жырлайтын Мейрамбек Беспаев қырықтың қырқасына келді. Ол Алатаудың бөктерінде дүбірлі той жасап, оны дүркіретіп өткізді.
Оған қазақ эстрадасының өкілдері, өнердегі әріптестері, журналистер жиналды.
Әлеуметтік желі қолданушылары Мейрамбекті айтулы мерекесімен құттықтап, оның отбасына, өзіне тек жақсылықтар тіледі.
Тойдың ерекше атап өтер сыйлығы оның анасының тартуы болды. Ол 100 жыл бойы сақталған атасының қасқыр терісінен тігілген ішігін Мейрамбекке жауып, оған аналық тілектерін жеткізді.