Мейрамбек Беспаевтің інісі Мейірбек Беспаев шаңырақ көтерді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.
Ол видео жүктеп, оған: "Шиеліге барып, құда болып қайттық. Қуанышымызда шек жоқ. Мейірбек-Рәбиға бақытты болыңдар!", - деп жазып қойды.
Жас келін Қызылорда облысының Шиелі ауданының тумасы екен. Оның есімі - Рабиға Аябекова. Мейрамбек Беспаевтің әулеті Шиеліге барып, қалыңдыққа арнайы құда түсіп, "сырға салу" рәсімін орындады. Келінге сырғаны Мейрамбектің жары Мархабат салды.
Желі қолданушылары Беспаевтар әулетін бұл қуанышпен құттықтап, екі жасқа бақыт тіледі.