Махамбет қашан толық зерттеледі?

Биыл – Махамбет Өтемісұлының туғанына – 210 жыл. Осы атаулы күн Атырау аймағында сан түрлі мәдени шаралар арқылы көрініс тауып жатыр. «Тәуелсіздік жолындағы қайсар күрескер» атты конференция да – соның бір парасы. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен тарихи-өлкетану мұражайы, Индер аудандық мұражайы бірлесіп ұйымдастырған конференцияда ұлтының ары, ұрпақтың ұраны атанған Махамбет жайлы біраз тың деректердің беті ашылды.
Өткір тіл мен өжет ойдың, өрліктің алдаспаны, дауылпаз ақын, дулығалы батыр Махамбет жайында ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген ғалым Амангелді Шам­ғоновтың баяндамасы үлкен пікір­талас тудырды. Амангелді Шамғонұлы – 1991 жылы батыр бабамыз Исатай Тайманұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Қазақфильм» студиясы түсірген «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» атты фильмге түсушілердің бірі. Ол дайындаған «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт-азаттық көте­ріліс (1836-1838 жылдар)» атты сызба карта ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тауып, мектептерде Қазақстан тарихы пәні бойынша көрнекті құрал ретінде пайдалануға ұсынылды.
«Өткен жылы «Мектеп» баспасынан шыққан 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығында Махамбеттің туған жылы 1803 жыл деп, ал «Атамұра» баспа­сының оқулығында 1804 жыл деп көр­сетіліп жүр, – деді ол. – Бұл аздай, мектеп түлектері ҰБТ-ға дайындалатын «Шың» баспасынан шыққан «Қазақстан тарихы» оқулығында 1803-1804 жылы туған деп қатар көрсетілген. Негізінде, Махамбет 1803 жылы Нарын құмының шығыс бөлігіндегі Бекетай құмында дүниеге келген. Біз ұлы ақынның туған жері мен туған жылына байланысты осы тұжырым­ның барлық оқулықтарға енгізілуін қалаймыз».
Сондай-ақ конференция барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Лесқали Бердіғожин, доцент Төлеген Жаңабаев, Жеңісбек Мұстафиндер ғылы­ми ізденістерімен таныстырып өтті. Жазу­шылар Одағы Атырау облыстық бөлім­шесінің төрағасы Қойшығұл Жылқышиев бүгінгі тарихты зерттеп-зерделеуде кеңестік ізден ажырау керектігіне тоқталды. «Махамбет – ұлттың патриоттық ұраны, – деді Қойшығұл Өмірұлы, – Біздің тарихшыларымыз кеңестік дәуірдегі тарихқа жаңаша қарау керек деп санаймын. Кейбір орыс жазбаларында Махамбетті қарақшы, басбұзар ретінде көрсетеді. Орынбор мұрағатындағы материалдар осыған дәлел. Махамбеттің балалық, жастық шағы әлі дұрыс зерттелген жоқ. Атасы Құлмәлінің парсы жақтан кемемен адасып келіп қолға түсуі – күмәнді нәрсе. Махамбеттің Бөкей ханның грамотасын Сарайшықта отырып алды дегеніне де мен қарсымын. 1801 жылы Бөкей хан патшаның келісімін алып, көшкенге дейін қазақтарға Жайыққа жақындауға рұқсат берілген жоқ. Ол кезде Сарайшықта казак-орыс жасағы тұрған. Осындай жағдайда Бөкейдің Сарайшықта жалғыз үй отырып, патшадан хандық грамотаны күтуі қисынға келмейді. Халықтың айтуынша, ол Индердің Сарытоғай деген жерінде отырған. Сол секілді, Махамбеттің Баймағамбетке айтқан «Хан емессің, қасқырсың, қас албасты басқырсың» деген сөзі Жәңгірге арналған деп жаңсақ айтылып жүр. Жәңгір мен Махамбеттің атысып-шабысатыны туралы оны зерттеген Халел Досмұхамбетов те, Ығылман Шөреков те жазбаған. Міне, осындай өлке тарихының беймәлім тұстарын ашуымыз керек».
Конференциядан соң Индер аудандық мұражайы дайындаған «Дауылпаз ақын, ақберен батыр» атты көрме таныстырылды, Махамбет атындағы мектепте жаңа экспозиция ашылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста