Махаббат символы: әлем халқы неке жүзігін қалай тағады

Махаббат символы: әлем халқы неке жүзігін қалай тағады

Неке жүзігінің өзіндік мәні бар. Махаббаттың белгісі саналатын сақинаны қалай тағу керек? Voice and Bride басылымдарында неке жүзігінің әр елде қалай тағылатыны жөнінде берілген қызықты ақпаратпен бөлісеміз. Атастыру кезінде сыйланатын сақинаның мәні неде және оны қалай тағады?

The Voice журналы сарапшыларының айтуынша, қалыңдыққа неке сақинасын сыйлау дәстүрі ежелгі Рим тарихынан бастау алады. Ол кезеңде үйлену тойы көңіл көтеруге себеп болды, ал атастыру рәсімі маңызды келіссөздерге айналды. Құдаласу сәтінде қаржылық мәселелер алдын-ала келісіліп, некені бұзған жағдайда төленетін айыппұл мөлшері де талқыға салынатын болған. Атастыру кезінде тағылатын сақинаның ешқандай киелі мағынасы болған жоқ. Бұл әшекей күйеу жігітке оның қалыңдығы бұдан былай тек өзіне тиесілі екенін білдірді. Осылайша жігіттің алдында қалыңдығының отбасы үшін де атқаратын міндеттері айқындалатын. Кейінірек бұл дәстүр христиандар арасында жандана түсті. ІХ ғасырда Рим Папасы I Николай қалыңдыққа алтын жүзік беруді бұйырды. Ал XIII ғасырда оның мұрагері III Иннокентий адамдарға алтынның орнына күміс немесе темір бұйымдарды пайдалануға рұқсат берді. Қазіргі күні қалыңдыққа гауһар тасты сақина сыйлау сәнге айналған. Ал асыл тастан жасалған бағалы сақинаны ең алғаш XV ғасырда Австрияның эрцгерцогы І Максимилиан қалыңдығы Бургундская Марияға тарту еткен еді. 

Бүгінгі күні атастыру сақинасы аса маңызды саналмайды. Мұны қалыңдыққа ұсыныс айтатын сәтте оған арналған әдемі сыйлық әрі ғашықтардың қарым-қатынасын заңдастыру ниетінің көрінісі деуге болады. Бұл - некелесу кезеңіне бағытталған қадам. Егер қалыңдық арадағы қарым-қатынасты үзіп, үйленуден бас тартса, онда сыйға берілген сақинаны қайтаруға мәжбүр болады. Егер жұптың екі бөлек кетуі күйеу жігіттің ықпалымен болса, онда қыз қымбат сыйлықты өтемақы ретінде өзіне қалдыра алады. Атастыру сақинасы қай қолға тағылады? Жүзік тағу дәстүрі ұлттық-мәдени ерекшеліктерге тікелей байланысты. Посткеңестік кеңістіктегі қалыңдықтар бұл әшекей бұйымды үйлену тойындағыдай оң қолының атауы жоқ саусағына тағады. Еуропа елдерінде және мұхиттан әрі орналасқан шетелдерде айттыру жүзігі сол қолдың атауы жоқ саусағына тағылады. Үйлену тойынан кейін атастыру сәтінде тағылған сақина отбасылық жәдігерге айналады. Ол қорапта сақталып, кейінгі ұрпаққа беріледі. Дегенмен, кей әйелдер мұндай зергерлік бұйымдарды неке сақинасымен бірге таға береді немесе ортаңғы саусағына тағып жүреді. Неке сақинасын мойынтұмар ретінде алқаға да тағуға болады.

Неке жүзігінің маңызы және тағу дәстүрі

Неке қию рәсіміндегі жүзік алмасу дәстүрі ғасырлар бойы жалғасып келеді. Bride басылымының сарапшылары ежелгі кезеңдерде неке сақиналарына сиқырлы мазмұн берілгеніне сенімді. Бұл әшекей шексіз махаббаттың символы болды және ғашықтардың жүректерін біріктірді. Неке жүзігі қай саусаққа тағылады? Америка Құрама Штаттарында және Батыс Еуропада неке сақинасы көбінесе сол қолдың атауы жоқ саусағына тағылады. Түркия, Жапония және Куба елдерінде де осы үрдіс бойынша тағады. Еуропаның Шығыс, Орталық және Солтүстік бөліктеріндегі елдерде неке сақинасы оң қолдың атауы жоқ саусағына тағылады. Бұл дәстүрді Үндістан тұрғындары да ұстанады. Олар сол қолға сақина тағу бақытсыздық әкеледі деп ойлайды, сондықтан неке жүзігі оң қолға тағылуға тиіс. Колумбия мен Бразилиядағы ерлі-зайыптылар құда түсу және алдағы үйлену тойының символы ретінде оң қолға неке сақинасын тағады. Үйленгеннен кейін зергерлік бұйымдардың орны сол қолға қарай ауысады. Сығандар мен басқа көшпелі халық өкілдері мұндай асыл затты алқаға тұмар ретінде тағып қойғанды ​​жөн көреді. Неке сақинасының тағылу тәртібінде діни дәстүрлерге байланысты өзгерістер бар: православиелік христиандар мұны Құдайдың алдында некенің заңдылығының белгісі ретінде оң қолының атауы жоқ саусағына тақса, ал католиктер сол қолының атауы жоқ саусағына тағады. Ер адамдар неке жүзігін қай саусаққа тағады? Көп жағдайда ерлер қауымының жүзік тағуы әйелдермен бірдей. Бұл жағынан Қытай тұрғындарын ерекше деп санауға болады. Себебі ондағы жергілікті халық басқаша дәстүрді ұстанады: ер адам неке жүзігін сол қолына, ал әйелі оң қолына тағады. 

Мұсылмандар неке жүзігін қай саусаққа тағады? Ислам діні бойынша некелесу сәтінде жүзік алмасу дәстүрі болмаған. Мұсылмандар бұл рәсімді еуропалықтардан қабылдаған. LoveDevani порталы сарапшыларының пікірінше, мұсылман әйел бұл әшекейді өзі қалаған саусағына таға алады, ал мұсылман ер адам үшін сұқ саусаққа немесе ортаңғы саусаққа жүзік тағуға болмайды. Егер ол қаласа, неке жүзігін тағудан бас тарта алады. Мұны көп әйел алу дәстүріне құрметпен қарау және ерлерге алтыннан жасалған, алтын жалатылған зергерлік бұйымдар тағуға тыйым салумен байланыстыруға болады. Еврей ерлері де неке жүзігін тақпай жүре алады. Еврейлер арасында әйелге жүзік тарту етілгеннен кейін неке заңды болып саналады. Ал әйелі бұл әшекейді сұқ саусағына немесе ортаңғы саусағына тағады. Неке жүзігі жай ғана әшекей емес, ол - көпшілік үшін некенің символы. Оны қай қолға және қай саусаққа тағатынын адам өзінің діни және әлеуметтік бейімділігіне қарай таңдайды. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста