"Махаббат шексіз сезім". Димаш неліктен қытай қызымен сүйіскенін түсіндірді (видео)

Махаббаттың көкжиегін көзбен көру жеткіліксіз. Оны сезініп, тұнығына дейін түсіну — үлкен өнер. Осылай деп пікір білдірді Димаш Құдайберген шетелдік арналарға берген сұхбатының бірінде. Сондай-ақ, әнші жуырда түсірілген кішігірім туындыға қатысты да пікір білдірді.

Жуырда Қытай режиссерлері Димаш Құдайберген туралы кішігірім фильм-бейнебаян түсірді. Сондай-ақ, олар әлеуметтік желіде осы бейнебаянға қатысты әншінің айтқан пікірін де ұсынды. Аталған видеода Димаш Құдайберген бұл бейнебаянды түсіруіне не түрткі болғанын түсіндіреді.

"Махаббаттан өзге қандай тақырыпты көтерген дұрыс деп ойлайсыз?! Ең ерекше сезім махаббат қой. Бұл махаббатты аңсап жүргендерге, оны сезініп үлгергендерге де, махаббатын тапқан және махаббатынан айырылған жандарға да әсер етеді. Бір-бірлеріңізбен бақытты өмір сүрсін деген ниетпен осындай кішігірім көріністі дайындаған жайымыз бар", — деді ол.

Әрі қарай қазақстандық жұлдыз махаббат сезімін қалай түсінетінін сипаттап берді.

"Махаббат деген — әлемдегі ең ұлы сезім. Оның шегін ешбір адам сезініп көрмеген шығар деп ойлаймын. Өйткені, оның көкжиегін көзбен көру жеткіліксіз. Оны сезіну, тұнығына дейін түсіну — үлкен өнер. Осы ұлы сезім әрқайсыңыздың жүрегіңізде ұяласын деген ниетім бар. Өмірлеріңіз сыйластыққа, махаббатқа, жылулыққа толы болсын", — деді Димаш Құдайберген.

Естеріңізге сала кетсек, осы кішігірім туындыдан кейін жанкүйерлері әншіні қытайлық арудан қызғанып қалған еді. Тіпті, Димаш шетелдік қызға ғашық болып, сол жаққа кетіп қалуы мүмкін деп болжады.

Sputnik
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста