Мәскеулік қазақ ақыны – Алматыда

Қараша айының 10-ы күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында Халықаралық «Алаш» және А.Фадеев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Саха-Якутия Респуб­лика­сының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, белгілі ақын, сазгер Тұрсынай Оразбаеваның «Ән-жырым саған, туған ел» атты өнер кеші өтеді.

Ұзақ жылдардан бері Мәскеуде тұра­тын қазақтың аяулы ақын қыздарының бірі Тұрсы­най Ораз­бае­ваның бұл шы­ғар­машылық кеші Қазақстан Жа­зу­шы­лар одағының ұйым­­дастыруымен, Қазақстанның Ресей Федера­ция­сындағы Елшілігінің, ҚР Мә­де­ниет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткі­зіл­мек. Ресейлік әдеби ор­таға да есімі етене та­ныс ақын жеке шығармашылық кешін өткізіп, өз оқыр­ман­дарына жаңа ән-жырларын тарту ету үшін Алматыға арнайы келген.
Тұрсынай Оразбаева 1950 жылы 19 ақ­пан­да еліміздің оңтүстік өңіріндегі Сайрам ауданына қарасты «Қайнарбұлақ» ауылында туған. Еңбек жолын Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы Облыстық қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. Облыстық радио комитетінде және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып істеген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Кейін Қазақ радио­сы­ның әдеби-драмалық хабарлар бас редак­циясында редактор болған, Мәскеуде жоғары әдебиет курсында оқыған. 1997 жылдан осы уақытқа дейін Мәскеудегі Халықаралық Жазу­шылар одағының қауым­дас­тығында қазақ әдебиеті бойынша кеңесші қызметін атқарып келеді. Бүгінде он шақты кітаптың авторы атанған ақынның әр жылдары жарық көрген «Таң шапағы», «Іңкәр жүрек әуені», «Гүлсезім» сынды жинақтары оқырма­ны­нан өз бағасын алған.
Жыр кешіне ақынның замандас қалам­дас­тары мен оқырмандары қатыспақ.
Автордың ән-жырларын елімізге белгілі Сауық Жақанова, Ұлжан Айнақұлова, Байғали Есеналиев, Заурехан Құмарбекова, Абылайхан Оспанов, Әсем Айнақұлова, Ләззат Тиыш­бек­қызы, Ерхан Алданазаров, Нұрғайша Ибаділ­даева, Еркін Мәуленұлы т.б. әншілер мен әртіс­тер орындайды. Басталуы сағат – 18:30-да. Келем деушілерге есік ашық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста