Танымал теле және радиожүргізуші Маржан Сұлтанбай тұрмысқа шықты,деп хабарлайды «Алаш айнасы» BAQ.KZ-ке сілтеме жасай отырып. Маржан өзінің өмірлік серігін жолықтырғаны туралы тележүргізушінің құрбысы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде хабарлап, сүйінші сұрады.
Әзірге күйеу жігіттің есімі мен қай өңірден екені айтылмайды. Тек оның танымал адам емес екені және ұлттық спортты дәріптеуші азамат екені ғана белгілі. Екі жастың үйлену тойы жақын арада өтеді деп жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Маржан Сұлтанбай – «Шіркінlife» тележобасында шашын тықырлап алып тастаған соң атышулы тележүргізушіге айналған болатын. Бұдан кейін де ол көптеген сұхбаттары мен блогтарында бәйбіше мен тоқал, отбасын құру мен отбасы мәселелері жайлы даулы мәлімдемелер жасап, көптің аузындағы жүргізушіге айналған болатын. Соңғы кездері радиожүргізуші басына тюрбан орап, орамалды дәріптейтіндігі жайлы айтып жүр.
Маржан Сұлтанбай күйеуге шықты
Последние статьи автора