Маралтай өлең оқиды
20 сәуір күні сағат 17:00-де қазақтың М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, талантты ақын Маралтай Райымбекұлының жыр кеші өтеді.
Қазіргі уақытта Қазақ радиосының «Руханият» редакциясында әдеби бағдарламалар жүргізетін ақын – оқырман қауымнан өз бағасын алған «Ай-Нұр», «Ай» және «Кентавр» атты поэзия кітаптарының авторы. Маралтай сондай-ақ әдебиет саласы бойынша үш мәрте Президент сыйлығын алған. Театр шаңырағында өтетін ақынның кешіне белгілі өнер майталмандары Асанәлі Әшімов, Мұхтар Шаханов, Нұрлан Оразалин, Жүрсін Ерман, Тұңғышбай Жаманқұлов, Бекболат Тілеуханов және әншілер Сәуле Жанпейісова, Шәкизада, Қыдырғали Көбентай, Сәкен Қалымов, Еркін Шүкімановтар қатысыды.