Қазақстанның халық артисі Мақпал Жүнісова қызы Мерейге миллондаған теңге тұратын көлік сатып алып берді, деп хабарлайды Экспресс К.
Өнер жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасына сатып алған көлік пен Мерейдің видеосын жариялады. Көліктің нарықтағы бағасы 20 мен 30 миллион теңгенің арасында екенін айта кетейік.
Сен әлі кішкентайсың. Кейін өскенде бұдан да үлкен көлік сатып алып беремін. Күшті, иә?
— дейді әнші.
Видео астына жазылған пікірлер де әртүрлі.
"Құтты болсын! Тоқтамай жүрсін!", "Жұрт аштан өлейін деп жүрсе, бұлар мінген көлігін мақтанып көрсетеді", "Мерей, Мақпалдай анаң бар, бақыттысың", "Бәрекелді, темір тұлпар игілікке болсын",
— деп жазған адамдар.
Бұған дейін Мақпал Жүнісова жалғыз қызына қатысты халыққа тосыннан видеоүндеу жолдаған еді. Онда Мерейдің өз қызы еместігін, туған інісінің баласы екенін ашық айтқан болатын.