Мақпал Жүнісова бұзық қыздың рөлін сомдап жүр

Мақпал Жүнісова бұзық қыздың рөлін сомдап жүр

Мақпал Жүнісова спектакль­дерде ойнап жүр. «Күшік күйеу» қойылымында Алманың, «Бес бойдаққа бір той» комедиясында Мараның және «Абайлаңыз қалыңдық» мюзиклінде қаланың бұзық қызының рөлін сомдады. Қазір Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театрының сапында Ресейдің Екатеринбург қаласына гастрольге баруға дайындалып жатыр.
Мақпал Жүнісова Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Жамбыл ауылында дүниеге келген. Есімін әкесі қойған екен. Мақпалдың бала кезгі арманы танымал әнші болу. Ол кішкента­й­ынан әнді құйқылжыта шырқайтын. Тіпті ауылдағы мектептің әрбір концерті оның қатысуымен өтті десе де болады. Бірақ Мақпал елге танымал әнші бола алмады. Дегенмен өнер саласынан көп алыстап кете қойған жоқ. Бұл айтқанымыз Қызыл­жардағы Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ сазды-драма театрының әртісі Мақпал Жүнісова жайлы.
Бала Мақпал мектеп бітірісімен халық әртісі Мақпал Жүнісова сияқты әнші болу үшін Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы өнер колледжіне оқуға түседі. Алайда ұстаздары оның бойынан әншілік­тен гөрі әртістік қасиеттің басым екенін байқап, жоғары білімді осы салада алуды нұсқайды. Сөйтіп, Мақпал Жүнісова Аста­на­­дағы өнер академиясына түсіп, театр және кино әртісі мамандығы бойынша біті­ріп шыққан.
Мақпалдың жастығына қарамастан жеткен жетістіктері де бір төбе. Жастардың халықаралық «Шабыт» фестиваліне қаты­сып, екінші орын иеленіпті. Сондай-ақ «По­ли­гон» фильмінде басты рөлді сомда­ған. Әртіс Мақпал әнші Мақпалмен бір сахнада ән айтып, үйінен дәм де татқан екен. «Мақпал апай өзі аттастарды жинап, концерт бергелі жатқанын естіп, Алматыға бардым. Қазақстанның түкпір-түкпірінен 27 Мақпал Жүнісова жиналды. Солардың ішінде өнерде жүргендері 3-4-еуі ғана екен», – дейді Мақпал.
Мақпал Жүнісова, театр әртісі:
– Мақпал апайымызды әкем Тұрсын теледидардан көрген екен. Кейін мен туғанда ойланбастан осы есімді қойып­ты. Кәсіби деңгейде болмағанмен мен де тойларда ара-тұра ән айтып тұра­мын. Мақпал апайымыз сияқты әнші болу – менің бала күнгі арманым. Кей­бір кезде адамдар аты-жөнімнің Мақ­пал Жүнісова екеніне сенбей жатады, тіпті куәлігімді де көрсететін кездер болады. Бірақ мен оларға ренжімей­мін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста