Мақат Садық эфирге қайта оралды

Жаңа мыңжылдық табалдырығымыздан аттаған тұс, яғни 2000 жылы эфирге соңғы рет шығып, содан кейін көрермен көз жазып қалған журналист, сараптамашы, тележүргізуші Мақат Садық араға 10 жыл салып үлкен эфирге қайта оралды. Әр жеті сайын елімізде орын алған қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени, қысқасын айтқанда, сан-салалы мәселелерді сарапқа салып, жігін ажыратып, егжей-тегжейлі түсіндіріп беретін «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Апта.kz» бағдарламасы өзінің нағыз жүргізушісін тапқандай.

«Толқыннан толқын туады, толқынды тол­қын қуады» деп ақын жырлағандай, ұлт жур­налистикасына мезгіл-мезгілімен күшті тол­қындар келіп, сол толқын қоғамға үлкен сер­піліс туғызып, бұқараны алға сүйреп оты­рады. Сондай екпіні күшті бір толқын қа­зақ журналистикасына осыдан екі он­жыл­дықтай уақыт бұрын, яғни 90-жыл­дар­дың басында келсе керек. Бүгінде тек қазақ бас­пасөзінің ғана емес, мәдениет, саясат, ру­ханият саласының басы-қасында негізгі қоз­ғаушы күш ретінде көрініп жүрген талай да­рынды азаматтардың бірі, дарын­ды жур­налист, қарымды қалам иесі Мақат Кә­бір­ұлы да тележурналистика саласында сол 2000 жылға дейін өзіндік қолтаңбасын қа­лыптастырып, өз идеясы мен ойын жү­зе­ге асырып үлгерген еді. Атап айтқанда, «Ха­бар» арнасында берілген баршаға мә­лім «Жеті күн», «Қазақстан» ұлттық ар­на­сын­дағы «Үш анық» ақпараттық-сарапта­ма­­лық бағ­дарламаларын дүниеге әкелуге, атын қою­ға ұйытқы болған. Сол азамат те­ле­­эк­ран­нан көрінбей кеткен аралықта да тек жүр­мей, мемлекеттік қызметтерде іс­теп, сон­дай-ақ шығармашылық тұлға жә­не қоғам қайраткері ретінде де көрініп, Қа­зақ­стан Республикасы Президентінің және «Дарын» жастар сыйлықтарына ие болған.
Мақат Кәбірұлы жүргізетін жексенбілік «Апта.kz» ақпараттық-сараптамалық бағ­дар­­ламасы қоғамдағы жауапкершілік мә­се­лесін дұрыс жолға қоюға құрылса керек. Жал­пы, осы ретте журналистерді де дә­рі­гер­лер секілді қоғамдағы дертті алдын ала анық­тап, дұрыс диагноз қоя білуі шарт дер бол­сақ, қазіргі кезде қазақ журналистикасы көп жағынан өткірлік танытып, көп мәсе­ле­нің алдын алатындай деңгейде. Ал бұ­лай­ша болжай білу келе жат­қан қауіптің бетін ке­рі қай­таруға мүмкіндік ту­ғы­­зады. Сон­дық­тан да адам құқығы мен бостан­ды­ғына кел­ген кезде жур­на­листердің қаны да, жа­ны да, ойы да бірдей бо­луы керек. Осылай де­ген Мақат Садық қазір қазақ журналис­ти­касының сол деңгейге жақындап қал­ға­нын айтты.
Осыдан біраз жыл бұрын мынадай бір қате көзқарас болатын, бір журналист бір ақпаратты бі­рінші болып жеткізсе, қал­­ған­дары оны «қай­таламайық» деген ой­мен бас­қа тақырып іздейтін. Бірақ негізінде ше­шілуі тиіс мәселе болса, оны, ке­­рісінше, жур­­налистер бір­ауыздан көтеруге тиіс. Өйт­­кені сонда ғана қо­ғам­дық пікір туып, ол мә­­селе басшылардың да на­зарына ілігеді. «Мен оны өз тәжірибемде байқа­дым, қан­дай да бір даулы, ше­шімін табуы керек мә­селе болса да, егер де ол бір ғана баспасөзде кө­терілсе, онда ол билікке әсерін тигізе ал­майды. Ал біздің, яғни қа­лам мен ми­крофон иеле­рі­нің басты міндеті – қоғам­да­ғы дертті та­мы­рымен жоюға ықпал ету. Жур­налистер бір мүддеге тоғысып, бір жең­нен қол, бір жа­ғадан бас шығара біл­ген­де барып ше­неу­ніктер болсын, жалпы, кім болсын, біз­ден аяқ тартып, бізбен сана­са­тын болады», – деген Мақат Кәбірұлының эфир­ге қайта оралғандағы басты мақсаты да сол қазақ журналистерінің топтасуына, бі­рінің жұ­мы­сын бірі қолдауына ықпал жа­сау бол­са керек.

Мақат САДЫҚ, «Қазақстан» ТРК басқарма төрағасының орынбасары, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры:
– Араға тура 10 жыл салып, бүгін, мі­не, өзімнің сол бір кездері бастаған соқ­па­ғыма қайта оралдым десем болады. Осы онжылдық үзілістен оралғанда мен не бай­қадым? «Елу жылда ел жаңа» дей­міз, алайда 10 жылда да қоғам ай­тар­лықтай өзгеріске ұшырайды екен. Мә­селен, бір кездері әкімдердің, ми­нис­трлердің көмекшісі болған жас жі­гіт­тер бүгінде өздері де сондай лауазым ие­сіне айналып үлгерген. Яғни бұл – қо­ғамға жаңа толқын келді деген сөз. Әри­не, бұл толқын қоғамда жұ­мысты бас­қаша ұйымдастырғысы келеді, десек те, бір айта кетерлігі – көбіне олар ақ­па­рат құралдарында көрінгісі келмейді. На­ғыз шенеуніктік, бюрократиялық ла­уазымды қызметкерлер стандарты бізде қалыптасты дей аламыз. Әрине, бұрын­ғы кезбен салыстырғанда қазіргі кезде жұ­мыс жауапкершілігі арта түсті. Бұрын, мә­селен, Кеңес Одағы номенкла­ту­ра­сы­нан шыққан лауа­зым иелері болса, қа­зір Қазақстанның біршама бас­шы­лық орын­дарына «Болашақ» бағдарламасы бо­йынша еуропалық стандартта білім алып келген жастар отыра бас­та­ды. Олардың көзқарастары басқа, бі­лім­дері де жоғары. Сондықтан дәл бүгін ақ­параттық-сарап­тамалық бағ­дар­ла­ма­ны жүргізгенде сондай көрерменнің талабы мен талғамына сай биік деңгей­де көріне білу керек. Өзім де осы уақыт ара­лығында айтарлықтай үлкен бас­қар­ма комитеті төрағасының орын­ба­са­ры, облыс әкімінің орынбасары бо­лып жұмыс істедім. Сондықтан да мем­ле­кеттік қызметте ненің қалай жүзеге аса­тынын өз көзіммен көрдім, білемін деп айта аламын. Ал бұл тә­жіри­бем өз ке­зегінде осы айтылған бағдарламаны жүр­гізуге айтарлықтай септігін тигізеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста