Мәншүк рухын мазаламайық

Мәншүк рухын мазаламайық

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету – тірілердің парызы. Майдан даласында қыршынынан қиылған боздақтар да бүгінгі ұрпақтан құран дәметеді. Осындай сауапты істерге мұрындық болудың орнына кейбір ел ағалары естіген құлаққа түрпідей тиетін ұсыныстарымен жаға ұстатып жатыр.

Батыс Қазақстан облыстық әділет басқармасының бастығы Бақытбек Ерғалиев осыдан бірер күн бұрын облыстық газет бетінде бастама көтерді. “Батыр қыздың рухы туған жерден баян тапса дейміз” атты мақаласында шенеунік Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мәйітін қайткенде де Оралға әкелу керек”, – дейді.

“...2012 жылы Мәншүк Мәметованың туғанына 90 жыл толады. Мәншүктің мәйіті Орал қаласына әкелініп жерленіп, өзінің туған топырағымен қауышса, сауапты іс болар еді. Ол үшін Үкіметке хат жолданып, 2011 жылғы бюджетті жасақтағанда, осы шараға қажетті қаражат сұралса, құба-құп. Егер осы ниет Үкімет тарапынан қолдау тапса, Ресейдің Невель қаласының билік орнына өтініш жолдау қажеттігі туындайды. Ол жақтан келісім болған жағдайда Мәншүк зиратының басында қажетті рәсім жасалып, Мәншүктің мәйіті Орал қаласына әкелініп, қайта жерленсе”, – дейді Бақытбек мырза.

Шығыстың қос шынарының бірі – Мәншүк шынымен де Ақ Жайық өңірінде, нақтырақ айтқанда Бөкей ордасы ауданында туып-өскен. Сұрапыл соғысқа өзі сұранып қатысып, 1943 жылдың 16 қазанында Псков облысы Невель қаласының түбіндегі Заиванье деревнясын қорғау кезінде қаза тапқан. Мұсылмандарға арналған бауырластар бейітінде жерленген. Қазақтың қайсар қызы бақилық болған топырақта оның есімі ойып жазылған ескерткіші тұр.

Ол аз десеңіз, Невельде Мәншүк көшесі бар. Орта мектептердің бірінде арнайы мүйіс жасақталған. Оралда да батыр есімі ардақтаулы. Мәметова көшесі, мұражай – үйі, еңселі ескерткіші – сөзіміздің айғағы. Ендеше, соғыста қаза тапқан батырдың рухын мазалап, қабірін қопаруға қандай құқымыз бар?! Әрі ислам діні де мұндай әрекетті хош көрмейді.  Сосын жат жерде жатқан жалғыз Мәншүк емес. Бүгін Мәншүкті әкелсек, ертең Әлия Молдағұлованы, Төлеген Тоқтаровты, қала берді, сұм соғыстың басқа да көптеген қаһармандарын қайтпекпіз?

Одан гөрі олардың ерлік істерін, өнегелі өмірін жас ұрпақтың санасына сіңіретін мазмұнды шараларды жиірек өткізген абзал секілді.

Мұнайдар БАЛМОЛДА, «Қазақстан-Орал» телеарнасының тілшісі:
– 2002 жылы туғанына 80 жыл толуына орай деректі фильм түсіру мақсатымен қаһарман қыз Мәншүк Мәметованың сүйегі жерленген Невель қаласында болып қайттық. Невельдіктер Мәншүкті алдымен қазақтың және өздерінің қызындай көреді. Қалада Мәншүк Мәметова атында үлкен даңғыл бар. Ескерткіші тұр. Мектептері қастер тұтады. Батыр қыз опат болған Изочи бекеті, Заиванье деревнясының қыратында да «Бұл жерде қазақтың қаһарман қызы М.Мәметова жаумен шайқасқан» дейтін жазуы бар ескерткіш орнатылған. Ал қала ортасында қалған бауырластар зиратында қазақтар бөлек жерленген. Мәншүк зиратының айналасында старшина Баймолдин, 300 фашисті жайратқан Ы.Сүлейменов сияқты басқа да қаруластары жатыр.

Мәншүктің сүйегін қозғау мұсылманшылыққа да, тарихқа да қиянат. Рухымен екі елді елдестіріп жатқан батырлар аруағын сыйласақ, бұл келеңсіздікті тоқтату керек.

Бақытбек ЕРҒАЛИЕВ,  әділет басқармасының бастығы:
– Невель қаласында батыр қызға арналған ескерткіш орнатылған. Бірақ ол жерде марқұмның рухына құран бағышталмайтыны ақиқат. Етек-жеңімізді жинап, жоғымызды түгендеп, жоғалғанымызды тауып жатқан кезде ертеде өткен бабаларымыздың айдалада қурап қалған сүйегіндей қылмай қазіргі де, келешек ұрпақ та Мәншүктің мәйітін қастерлеп, отансүйгіштік рухын шыңдауына жағдай жасалуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста