Мәмбетов спектакльдері қайда кетті?

Кезінде дарынды режиссер, қазақ кәсіби режиссурасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті театр қайраткері, КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов сахналаған қойылымдар бүгінде келмеске кетті. Ол 30 жылдан артық уақыт қызмет еткен Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында да Мәмбетов туындылары сақталмай отыр. Бұл туралы Әзірбайжан Мәдиұлын еске алу кешінде театр режиссерінің әйелі, Қазақстанның Халық әртісі, әнші Қорлан Қалиламбекова айтты.
«Бізде бір тұлға өлсе, ол жасаған дү­ние­лер де бірден ұмытылады. Әзірбай­жан Мәдиұлының режиссерлігімен сахналан­ған көп қойылым бүгінде жоқ. Сондай бір геноцид байқалып отыр. Кезінде талай ше­девр қойылды, арғысын айтпай-ақ, М.Әуе­зов театрында 2000 жылы ғана қо­йыл­ған спектакльдер жойылып кеткен. «Бір­жан – Cара», «Қыз Жібектер» қайда? Ол спек­такль­дерді сақтап қалу Әзекеңді келер ұрпаққа жеткізумен тең ғой. Құр еске алып қою кімге керек? Қазір залда Оралдан келген бір-екі шенеунік қана отыр, ми­нистр­ліктің өкілдері қайда? Олар­ға Мәм­бетовті еске алу керек емес пе? Тұлға­лар мұра­сына, өткенге мұндай көз­қа­распен қарауға болмайды. Әзірбайжан Мәдиұлы кетіп еді, бәрін де жоғалттық», – деді Қ.Қа­ли­ламбекова.
Әзірбайжан Мәди­ұлы Мәм­бетовті еске алу кеші қара­шаның 24-і күні Қазақ­тың М.Әуе­зов атын­дағы мемлекеттік акаде­мия­лық драма теат­рында өтті. Кеш Ә.Мәмбетов сахна­лаған қойылымдар үзінді­лерімен бастал­ды. Алғашқы үзінді Ш.Айт­матовтың «Ана – Жер-Анасы» бол­са, соңғысы – А.П.Че­ховтың «Ваня аға­йы». Еске алу кешін­де оны­мен қызметтес болған өнер қайрат­керлері қызықты естеліктер айтты. Қазақ­станның Халық әртісі Нүкетай Мыш­бае­ваның айтуынша, Әз-аға талап­шыл­ды­ғы­мен бірге әзілқой да болды. «Мар­құм Әзе­кең орнынан бір аунап қалған шы­ғар деп ойлаймын. Бірнеше ай бойы еске алып жатырмыз. 1959 жылы театрға бірге кел­ген едік, екі-үш жас үлкен болса да, аға дей­тінбіз. Жаңадан келсек те, бізге «Беу, қыз­дар-айдағы» рөлдерді сеніп тапсырды. Біз оны ылғи еркелететінбіз. Сондай тама­ша адам еді», – дейді ак­триса. «Мен театр­ға алғаш келген кезде сах­нада дауы­сым жай шыға­тын. Ол маған «идиотка, шы­ғар даусың­ды» деп ұрсатын. Қазір та­ны­мал актриса болғаным сол кісі­нің арқа­сы. Әзекең сияқ­ты талантты тұлға­дан тәлім алғаныма бақыттымын», – дейді Қа­зақ­станның Ха­лық әртісі Торғын Тасы­бекова.
1952 жылы Алматы хореография учи­лищесін, 1957 жылы Мәскеу қаласын­дағы Мемлекеттік театр өнері институтын тә­мам­дағаннан кейін Ә.Мәмбетов Алма­тыдағы Қазақтың мемлекеттік академия­лық драма театрында еңбек етті. 1970-1980 жылдары Мәмбетов кино режиссері ретінде қызмет етіп, бірнеше көркем филь­мімен қазақ киносының алтын қорын байытты. 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңе­сі­нің депутаты болды. Ол туралы та­лантты жазушы Шыңғыс Айтматов «Өз бо­йына сан алуан адами қасиетті сіңіре біл­ген лайықты суреткері жоқ театр іргелі бола алмайды. Суреткер ойшыл, адам­сүй­гіш, ұлттық мәдениет үшін жаны күйетін адам болуы тиіс. Әзірбайжан Мәмбетовті сондай адам деп білемін» деген болатын. 1999 жылы Ә.Мәмбетов Мемлекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы­мен елордаға келіп, Қ.Қуанышбаев атын­дағы Қазақ музыкалық драма театрын басқарды. Осында 10 жыл қызмет еткен­нен кейін, 2009 жылдың 17 қарашасында өмір­ден өтті.
Есмұхан ОБАЕВ, М.Әуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның Халық әртісі, профессор:
– Әуезов театры десе, Мәмбетов ес­ке түседі, Мәмбетов театры десе, Әуе­зов театры ойға оралады. Ол – осы ұжымда 30 жыл қызмет еткен, қазақтың кәсіби режиссурасын дүниежүзіне паш еткен, нағыз ұлттық болмысқа бой алдырған көсем режиссеріміз, шоқтығы биік ре­жис­серіміз. Алдыңғы ағалардың ізін қуып келіп, артына мол мектеп қалдыр­ған адам. Күні кеше 75 жылдығында осы жерде бір жағында Торғын бар, бір жа­ғын­да мен, суретке түсіп едік. Әттең, ты­нымсыз жүрегі ерте тоқтады. Бірақ оның ізі мәңгілік. Біздің театр – үлкенін сыйла­ған иманшыл театр. Біз ұлы тұлға алдын­дағы парызын өтеуді ұмытқан жоқпыз.

Сәбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның Халық әртісі:
– Әзірбайжан Мәмбетов – қазақтың маңдайына біткен ұлы режиссер. Бұл кі­сі­нің абыройы Қазақстанға ғана емес, күллі Кеңес Одағына мәлім болды. Ре­сейдің көкірегі кекиген театр сыншы­ла­рының өзі әдейілеп Алматы­ға келіп, оның қойылымдарын көріп, риза­шылық білдіретін. Оны көре ал­мағандар да бол­ды. «Қызғаныштың қызыл иті жақсы­ны жақтырмаған, Кезі келсе, күні жоқ лақтырмаған, Қайтесің қайран дүние осылай, амал қанша?!» деген сөздер бар ғой. Әзірбайжан Мә­ди­ұлы бақытты адам еді, өзі жетім болса да, осында Ақ­қа­ғаз әпкесімен келіп, Мәскеуде үлкен ғұламалардан дәріс алған, біздің баба­лардың бата­сын алған, артына мол мұра қалдырған ол ең ауыр жолды жүре оты­рып, ба­қытқа жеткен кісі.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйектің 1-і күні Әзірбайжан Мәдиұлының туғанына 80 жыл толған еді. Наурыз айында Алма­тыда Мәмбетов атындағы театр фестивалі өтті. Қыркүйекте Орал қаласында да рес­публикалық театрлар фестивалі Ә.Мәм­бетов шығармашылығына арналды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста