Жас әнші Димаш Құдайберген әйгілі композитор, продюсер Уолтер Афана́сьеффпен бірге жұмыс істейді. Қуанышты жаңалықпен әнші инстаграмдағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .
Әлемге танымал әншілермен жұмыс істеп, ән жазып жүрген композитор, продюсер Димашты үйіне қонаққа шақырған.
"Бүгін мен тамаша кісінің үйінде болдым. Ол "GRAMMY" жүлдесінің екі дүркін иегері. Майкл Джексон, Марайа Кэри, Уитни Хьюстон сынды ірі тұлғалармен жұмыс істеген ұлы композитор және продюсер. Селин Дион орындаған "Титаник" телефильмінің саундтрегі "My heart will go on" əнін де дүниеге алып келген осы Уолтер мырза. "Красавица и Чудовище", "Аладдин" (1992), "Телохранитель" (1992), "Только ты" (1994), "Геркулес", "Игра" (1997), "Другая сестра" (1999), "Госпожа горничная" (2002). Джеймс Бонд "Лицензия на убийство" фильмдерінің əндерін жазған кісі. Қанша жерден тарихи жобаларда бой көрсетсе де, өте қарапайым, өте сыпайы. Алдағы уақытта қуантамыз", — деп жазды Димаш парақшасында.
Видеода композитор Димаш туралы ыстық лебізін жеткізеді.
"Бұл мен үшін зор құрмет. Менің сүйікті әртісім, вокалист қазір көлігімде отыр" — дейді Уолтер.