Майдангер жазушылар көрмесі

Майдангер жазушылар көрмесі

Биыл ерекше салтанатпен аталып өтілетін Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуда.

Осы орайда Павлодардағы Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайында жергілікті майдангер-жазушылардың туындыларының көрмесі өтуде.
Көрмеде қазақ қаламгері Қалмұқан Исабаевтың шығармаларымен қатар, бірнеше майдангердің жазбалары мен сирек кездесетін фотосуреттері қойылған. Қанды күндерде от кешкен ардагеріміздің бірі, Лебяжі ауданында туған Всеволод Ивановтың шығармашылығына арналған экспозицияға әскери очерктер мен суреттемелер қойылған. Ол – әскери тілші болған танымал жазушы, кеңес әскерлерімен бірге батысқа дейін жеткен. В.Иванов – нацистердің қылмыстарын айыптаған Нюрнберг процесі туралы жазған тілшілердің бірі болған.
Павлодарлықтар, әсіресе, жерлестері Қалмұқан Исабаевтың әдеби шығармашылығымен жақсы таныс екендіктерін аңғартты. Майдангер жазушы Қалмұқан ақсақал соғыстан кейін Германияның шағын бір қаласында комендант болып қызмет еткен, ол жерде бейбітшілік тіршілікті қалпына келтіруге көмектескен және немістерді өзінің туған елі – Қазақстанның мәдениетімен таныстырған. Өмірінің осы бір кезеңін жазушы өз кітабында жазған. Жазушының бастамасымен кезінде Берлиндегі көшелердің біріне ұлы Абайдың есімі берілген.
«Мұндай тақырыптық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады» дейді ұйымдастырушылар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста