Мағынасы майысқан мақалдар
Барды байлық өлтірер, Жоқты айлық өлтірер.
***
Ержеткеннің түсіне, Бойжеткен кіреді.
***
Танысыңа сенбе, Табысыңа сен.
***
Бүгінде маймылдан жаралған адамдардың көлігі бар, Топырақтан жаралған адамдардың түгі де жоқ.
***
Жолың болмаса, қапаланба, үйрене бер, Ендігі жолың болмағанға жаттығып қаласың.
***
Әркімнің ой-қабілеті айлығының мөлшеріндей.
***
Жұмысы үшін ауыратындарды ауруханадан ізде.
***
Төрлеу үшін «терлеу» керек.
***
Ана тіліңді үйрететін алғашқы ұстазың – құлақ.
***
Кемпірдің де түбі – қыз.
***
Қатені көбірек жіберген сайын,азы қалады.
***
Жүзің жарқын болғанша, Тісің алтын болсын.
***
Екі бастықтың құйрығы, Бір креслоға сыймайды.
***
Мордам ужас болса да, Фигурам прелесть.
***
Тонналап жесең құтыласың, Грамдап жесең тұтыласың.
***
Таңғы нәсіп табыстан, Түскі асым таныстан.
***
Жоғарыда краны жоқтың, Артында тірегі де болмайды.
***
МАИ-ды жамандаған жаяу қалар.
***
Депутат дауыс жинарда шынығады, Мәжіліс отырысында тынығады.
***
Абитуриентті оқуға кім түсірсе, сол ыстық.
***
Қонақ есіктен, Ұры тесіктен кіреді.
***
Өлген кезінде бәрі жақсы, Жаман адам қайдан шығады.