Нағима Есқалиева жалғыз ұлын үйлендіріп, немерелі болуды аңсап жүр. Әншінің болашақ келінінің қоятын өз талаптары да жоқ емес.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Үйленуді талап еткен жұлдызды анаға ұлы Диас Аблаевтың берер жауабы дайын. Диас Нағима ханымға ұқсайтын аруды іздеп жүр ме?
Есқалиеваның ұлы 33 жасқа келсе де, сүйіктісі жайлы тіс жармапты. Анасының өзі бір қызды жанына көрмедім деп ақталды.
"Таңертең тоңазытқышта сыра мен шарап тұруы керек. Сосын әрдайым "мама, мама" деп жүретін келін болу керек. Ұл балалар көбіне өз анасына ұқсайтын қыз іздейді ғой. Соған қарағанда ұлым мен секілді бір жынды әйелді іздеп жүрген шығар. Қаyдай қыз болса да, әйтеуір үйленсе екен. Соңғы кездері келін әкел деп жүрмін. Ел сияқты немере сүйгім келеді", - деді әнші.
Ал, Диас уақыты келсе, үйленуге дайын екенін айтады.
"Қашан ғашық болам, сол кезде үйленем. Маған қыдырып болған, енді қыдыру туралы ойламайтын, тыныш өмір сүретін қыз керек", - дейді ол.