Маған Мұқағали Мақатаев ұнаған жоқ - Асқар Наймантаев

Маған Мұқағали Мақатаев ұнаған жоқ - Асқар Наймантаев

Актер Асқар Наймантаев Мұқағали Мақатаевты бала кезінде көргенін, бірақ ұнатпағанын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.

 

" Мен 9 жыл бойы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай кештер өткізіп жүрдім. Кейіннен өзінің баласы мен келіні қолға алғаннан кейін ұрпағымен жағаласпайын дедім.

 

4-5 сынып оқып жүргенде Мұқағалиді көрдім. Маған ол кісі ұнаған жоқ. Мен ол кезде ол кісінің Мұқағали екенін, Мұқағалидің кім екенін де білмеймін.

 

Алматыға Нарынқолдан келген баланың арманы зоопаркке бару, паркке барып ойнау, қыдыру. Бір күні әкеммен паркке баратын болдық. Бір жағында сырпасы бар, бір жағында тамағы бар жерге бардық. Сол жерде біреу Нарынқолдың иісі шығып кетті ғой деді. Әкем қарап Мұқа ассалаумағалейкум деп амандасып, қазір келеміз деді. Әкем маған анау ағаңа сәлем беріп, қасына барып отыр деді. Содан әкем екеуі әңгімелесіп , қалжыңдасып отырды.  Мына батыр кім деп еді, әкем Асқар деді. Ол кісі Асқар, ауырып тұрған бас бар, әкеңмен еріп келіпсің өзің біліп басқар деді. Әкем басқарады деп екі вино алып келді. Қатты мас емес, тың отырды.

 

Екеуінің әңгімесі созылған сайын мен парктен қалып бара жатырмын. Мынау қайдан келді деген ой келді. Ол кісіні мүлдем жақтырмай отырдым.

 

Кейін әкемнен бұл кім деп сұрағанымда Мұқағали Мақатаев деген үлкен ақын деді",  - дейді ол.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста