Бір жасқа келіп қалған Әнуардың тұсауын белгілі өнер иесі Роза Қуанышқызы кесіп, ақ батасын беріп тәй-тәй басқызды.
Қаз-қаз балам қаз балам, қадам бассаң мәз болам.
Тағы-тағы баса ғой, тақымыңды жаз балам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын, қадамың- деп қазақ халқы баласының тұсауын кеседі. Сол сияқты Ұлттық арнаның «Роза шақырады» атты музыкалық шоу бағдарламасына Мадина ұлымен бірге қонаққа келген болатын. Сол жерде Әнуардың тұсауын кескен өнердегі әпкесі ақ жол тілеп, жолы ашық болсын деп батасын берді. Роза нәрестенің тұсауын артынан кеседі екен. Ол баланың алдын байламау керек деген ырым шығар. Бастысы ата-анасы дән риза болып, есте қалатын тарихи сәтке айналды. Кезінде Мадинаның үлкен сахнада ән салып танымал болуына да осы Роза көмектескен еді. Көйлектерін беріп, әрқашан қолдап, демеу болған екен. Әнуардың қадамы құтты болсын!!!