Мәдениет үйінің шаңырағы шайқалды…

Кезінде халыққа қызмет еткен Мәдениет үйлерінің бүгінде халі адам аярлықтай екені аян. Кейбірі қалт-құлт етіп құламай әрең тұрса, кейбірінің тіпті іргетасы да қалмаған. Қара құлып күзеткендері қаншама. Төлеби ауданына табанымыз тигенде, табиғаты тұнып тұрған өлкенің тамаша суретіне көңіліміз тойған. Алайда көңілге кірбің түсіретін тұстары да жоқ емес екен. Ауданға қарасты Үлкен Алшалы ауылындағы Мәдениет үйінің төбесі опырылып ортаға түсіпті.
Кезінде бұл ауыл Калинин атындағы колхозға қарайтын. Іргетасы 1960 жылы қаланған мәдени ошақ ашылғанда бөркін аспанға атып қуанбаған жан қалмаған-ды. Мұнда аудандық ірі-ірі жиындар өтетін, кино қойлатын, халықтың көңілін көтеретін орталық болғаны анық-тын. Кейіннен колхоз-совхоздар тараған соң мәдениет үйінің де күйі қашты. Қараусыз қалып, ақыры шатыры шайқалып, жауын-шашыннан жарамсыз күйге түсті. Қабырғалары бүтін болып көрінгенімен төбесіндегі белағашы сынып, шиферлері шашылып қалған. 40 жыл шыдас бергеніне де қайран қалатындар бар. Кезінде осы колхозға қараған үш ауылдағы мәдени үйлердің жағдайы да мәз емес. Іргелес жатқан Ұзынарық ауылының маңдайына Мәдениет үйі бітіп көрген емес. Бұрынырақта клуб болатын. Оның құлағалы тұрған ғимаратына құлып салынғанына да 20 жылдың жүзі болыпты. Ал, қымызымен аты шыққан әйгілі Диханкөл ауылындағы клубтың жағдайы да мәз емес. Мәдени іс-шаралардың дені мектепте өтеді. Әзірге ән мен күйдің күмбірі естілетін осы мектептердің актив залдары ғана. Кейіннен Қоғалы ауылдық округі болып жаңа атауға ие болғанымен мәдениет шаңырақтарының жағдайы жақсарып кеткен түгі жоқ. Осы ауылдық әкімшілікке қарайтын үш ауылдағы мәдени жағдайдың ахуалы Алшалы ауылындағы мәдениет үйінің қирап тұрғаны сияқты төрттағандап тұсаулы күй кешуде. 150-ге тарта түтіні бар ауыл кезінде Успеновка деп аталатын. Оның басты себебі бұл ауылда Екінші Дүние жүзілік соғыс кезінде эвакуациямен келген әртүрлі ұлт өкілдері тұрақтаған. 40 ұлттың өкілі тұрады десе де болады. Кейіннен Алшалы болып бұрынғы атауына ие болды. Ауыл тұрғындары әрине мәдени ошақтың қирап, көңіл құлазытып тұрғанына қынжылыс білдіреді. «Күтімсіз, қараусыз қалған соң құламағанда қайтеді? Қайта жарамды құрылыс материалдарының ұрланып кетпегеніне шүкір. Ауылдың сәнін кетіріп, бомба түскен үйдей үңірейіп тұр. Мұның қалпына келтіріліп, жөнделетініне де күмән бар. Өйткені қирағалы бері жергілікті биліктен ешкім келіп көріп, қадағалаған жоқ. Енді тау боп үйілген үйіндіге айналғаннан басқа несі қалды?» дейді ауыл тұрғындары. Мәселенің мәнісіне үңілмек болып Төлеби аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты осы мәселеге жауап беретін Мәдениет үйіне хабарласқанбыз. Олар бұл жайдан мүлдем хабарсыз болып шықты. Айтатын уәждері «Бұл Мәдениет үйі біздің баланста емес. Өндірістік кооператив пе, әлде ауылдық әкімшілік пе соған қарайтын болуы керек. Бізге қарамайды» дейді. Есесіне ауданда 6 мәдениет үйі мен 12 клуб бар екен. Тіпті бір ауылдық әкімшілікке қарайтын 3-4 ауылда, бас-басына бір-бір клуб бар көрінеді. Облыстық Мәдениет Басқармасындағыларға да сұрау салғанбыз. Осы басқарманың мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас мамандары тұщымды жауап беруге тырысты. «Өткен жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Төлеби ауданындағы 5 мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл осы сала басшыларының жанашырлығының арқасында жүзеге асты. Олардың тындырымдылығының арқасында қол жеткізілді деуге де болады. Өйткені күрделі жөндеу өткізуге басқа бірде-бір аудан іліге алмай қалды... Аталған проблемадан хабарымыз жоқ. Алайда сала басшыларына хабардар етеміз. Дегенмен бұл мәселе аудан бюджетіне байланысты шешілуі тиіс».
Ия, мәдениет саласы білім, денсаулық сақтау сияқты «приоритетный» салаға жатпайды. Бұл саланың көп ретте шөміштен қағыла беретіні де басына тартсаң аяғы ашылып қала беретін ақиқат. Аудандағыларды да «не қарап отырсыңдар?» деп кінәлауға болмас. Оларға қозғау салып, құлағдар еттік. Олар алашапқын болғанымен де мәдениет үйінің қалыпқа келуі қаржы деген дөкейдің қолында. Тек оған дейін Мәдениеттің май шамын жаққан ғимараттың бір түйір тасын да таппай қалмасақ болғаны...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста