Мәдени мұра жастар көзімен

Білім және ғылым министрлігі және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Әлеуметтік маңызды жобаларды дамыту институтының ұйымдастыруымен аталған жоғары оқу орнының мәжіліс залында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Мәдени мұра – ұрпақтар сабақтастығы» атты жастар форумы өтті.
Елбасының өзі ерекше назарға алған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарла­ма­сы­ның негізгі мақсаты елдің тарихи-мә­де­ни мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақ­тау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қай­та­ру, шетелдерде Қазақстанның мәдени мұ­ра­сын үгіттеу екені белгілі. Ал осы бағ­дар­ла­маның іске асуына жастар тарапынан қы­­зығушылықтың артуы үлкен жетістік екені сөзсіз. Өйткені бұл бағдарламаның жастар назарын өзіне аударуы тарихи-мә­дени мұраның, салт-дәстүрлеріміздің ұр­паққа үлгі, ұлттық тәрбиеге негіз болары сөзсіз.
Форумға жиналған қауым алдында пе­да­гогикалық университеттің басшылары ал­ғы сөз айтқаннан кейін «Шымкент жас­та­ры» МКК директоры Заңғар Үсіпах­ме­тов «Жастар – Тәуелсіздік тұғыры» тақыры­бын­­да баяндама жасады. Сондай-ақ «Қа­зақ­­стан студент­тер Альянсы» Шымкент фи­­лиа­лы­ның лидері Мағжан Исақов, «Бәй­­­терек» жас­тар ұйымының төрағасы мен тәуелсіздік құр­дастары өздерінің жылы пі­кірлері мен ой­ларын ортаға салды. Жақ­сы іс концерттік бағ­дар­ламамен жал­ғас­ты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста