«Мәдени мұра» төл өнерімізді әлемдік классиканың жауһар шоғырына қосты

Ұлбосын Тәжібайқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

– Біздің руханият саласындағы барлық  игі шаралар негізінен «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Сонда бұл бағдарлама болмаса, дәстүрлі өнеріміздің әлі толықтай ашылмаған құпиялары тасада қалып қояр ма еді, кім біледі. Сіз қалай ойлайсыз?
–Бұл – ұлтты ұйыстыратын стратегия­лық жоба. «Мәдени мұра» бағдарламасы­ның бай құндылықтарымызды қайта жаң­ғыртып, жандана түсуіне тамызық болғаны рас. «Мәдени мұра» төл қазынамызбен қауыштырды. Сондай-ақ қазақтың халық өнерін көшке ілестіріп,  әлемдік класси­ка­ның жауһар шоғырына қосып берді. Десек те, «Мәдени мұраға» дейін де азды-көпті дүниелер жасалған-ды. Дәстүрлі өнеріміз тасада қалып қойды деуге әсте болмайды.
Менің осы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жұмыс істе­геніме 10 жылдан асып кетіпті. Бұрындары Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ музыкалық  драма театрында қызмет істе­ген едім. Демек, менің дәстүрлі өнер төңі­регінде жүргеніме аз болған жоқ. Көңіл шіркіннің дүрбісімен дәстүрлі өнердің қыр-сырына үңілуден жалыққан емеспін. Жалпы, осы дәстүрлі өнерге етене жақын жүргендердің бәрінің бойында бар ортақ қасиет осы болса керек. Өйткені қазақтың дәстүрлі өнерінің өз иіріміне тартып әкететін бір сиқыры бар. Жырын айтыңыз, термесін алыңыз, оған айтысты қосыңыз, қай-қайсысы болмасын, әрқайсысы өзін­ше бір түпсіз дария.
Ақан, Біржан, Кенен, Мұхит, Әміре, Манарбек, Ғарифолла, Жүсіпбек, Дәнеш сияқты дүлдүл әншілеріміз қалап кеткен қазақ­тың дәстүрлі ән өнері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады.
Айта кетейін, үлкен сахнаға алғаш болып домбыраны эстрадамен үйлестіріп алып шыққан Айгүл Үлкенбаева. Ол кезде Айгүл «Арай» тобының құрамында бол­ған-ды. Сол жылдары телеарналарда «Тер­ме», «Жыр кеші» сияқты бағдарлама­лар да беріліп жүрді. Ал «Мәдени мұра» шашылып жатқан қазыналарымызды түгендеп, бір жинаққа енгізгендей болды.
– Дәстүрлі өнер иелерін дайындауда біздің елде мектеп қалыптасты деп айта аламыз ба?
– «Мектеп қалыптасты» деп сенімді түрде айта аламын және оған көңілім толады. Байқайсыздар ма, маған қазақтың бар болмысы өзінің ұлан-ғайыр даласы іспетті. Көк күмбездей көгілдір аспанмен тілдескен ұлы даланың өзі сырымыз бен жырымызды біртұтас дүниедей жасырып жатқандай.   Қазақ жерінің тарихи, мәдени және жағы­ра­фиялық ерекшелігіне қарай  бірнеше түрлі мектеп қалыптасқан-ды. Тек еліміздің Оңтүстік, Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау өңір­­лері ғана емес, ондай мектебімен Қытай мен Моңғолия да мақтана алады. 
Әр өңірдің өзінің көшбасшысы бар дер едім. Мәселен, Арқада Қайрат Байбосы­нов, батыста Қапаш Құлышева мен Қати­молла Бердіғалиев және Жетісуда  Ержан Қосбармақов пен Қажыбек Бекбосынов­тар, сондай-ақ Сыр өңірінде Алмас, Ал­маттар дәстүрлі өнерімізді зерттеп,  шәкірт тәрбиелеуде  елеулі үлес қосып жүр. Қыс­қа­сын айтқанда, ұстаздық ұстаханадан кенде емеспіз.
– «Қазақтың дәстүрлі әндерін өзімізден гөрі, өзгелер, яғни  шетел­дік  тың­дармандар жоғары бағалайды» деп жатады. Осы қаншалықты рас?
– Шынымен де солай. Домбыра – ешбір ұлтта жоқ күрделі аспап. Күмбірлеген қоңыр үні алпыс екі тамырыңды идіріп жібе­реді.  Негізі, «музыка тіл таңдамайды» деген қағида бар ғой. Сол рас. Тыңдарман­дар әннің сөзіне емес, домбыраның жұм­сақ тембрі мен құлаққа жағымды дауысына тәнті болады. Әсіресе күйді тыңдағанда, әуезді әуенмен бірге теңселеді.
Сонау 1970 жылдардың орта шенінде бір топ дәстүрлі әншілер болып Үндістан мен Венгрияда болып қайтқан едік. Сонда өзім куә болғанмын, ділі мен діні басқа­лар­дың домбырамызды қалай сүйсініп тыңдағандарына. Қайбір жылы қазақтың ұлттық өнерінің марқасқалары Францияда өткен үлкен фестивальге қатысып қайтқан еді, сонда да тілін түсінбесе де 2 мыңға жуық көрермен  бір сағат 45 минут тап­жыл­май отырып, тамашалады. Қошемет көрсетіп, ыстық ықыластарын аямапты. Міне, біздің дәстүрлі музыкамыздың құдыреті қандай!
– Эстрада десе өре түрегелетін жастарымыздың ұлттық өнерге деген қызығушылығын қалай арттырса болады?
– Келісемін. Жастардың батыс өнерін тыңдайтындары, соған еліктейтіндері рас. Алайда мұның барлығы уақытша құбылыс деп ойлаймын. Қазір дәстүрлі өнерімізді насихаттау қолға алынуда. Сол үдерісті тоқтатпай, одан әрмен жалғастыру үшін ұрпақтарымызды жан-дүниесі ән әлемінің әліппесін әлі дұрыс меңгермей тұрғанда, ұлттық өнердің ығына жығып алу керек сияқты.    
Осыдан біраз уақыт бұрын №119 мек­теп басшылығының ұйымдастыруымен бұл күнде арамызда жоқ Рахым Тәжібаев пен  Ажар Түзелбекқызы үшеуміз оқушы­лар­ға дәріс берген едік. Сонда байқаға­ным, балаларымыз ынта қойып тыңдап, білуге, үйренуге деген талпыныстарын танытып жатты. Бұл өте жақсы бастама. Бірақ соны ешкім жалғастырып әкетпеді. Менің ойымша, орта білім жүйесіне дәс­түрлі өнерден пән енгізіліп, оны тұрақты өткізіп тұру керек. Өйткені біздің рухани байлығымыздың өзі тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге. Ал дәстүрлі ән – рухани-мәдени мұрамыздың күретамыры.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста