"Мәдени мұра". 10 жылда мәдени, рухани құндылықтарымызды түгендей алдық па?

"Мәдени мұра". 10 жылда мәдени, рухани құндылықтарымызды түгендей алдық па?

«Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын» деген бабамыздан қалған тамаша сөз бар. Үйір-үйір жылқы, отар-отар қой, табын-табын сиырдан да том-том кітаптар мен катпар-қатпар тарихтың, мәдени, рухани мұраның құндылығын бағалай білген дана халқымыздан бүгінге жеткен тарихи жәдігерлерімізде сан жоқ. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында соңғы он жыл көлемінде біздің бүкіл тарихымыздан сыр шертетін рухани құндылықтарымыз түгенделіп, тарихымыз қайта жаңғырды. Осы орайда 28 ақпан күні Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада «Мәдени мұра» бағдарламасының 10 жылдығына арналған үлкен алқалы жиын, халықаралық конференция өтті. Аталған жиында он жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, қол жеткізген жетістіктеріміз сараланды, деп хабарлайды «Алаш айнасы».

Көпшілікке мәлім, ұлтымыздың түп-тамырын, сауаттылығын, рухани байлығын дәлелдейтін жәдігерлеріміз, құнды әдеби, мәдени, жазба деректеріміз осы уақытқа дейін жинақталмай келді. Осы олқылықтың орнын толтыру жұмыстары сонау 2004 жылдан бастап қолға алынды. Осыдан 10 жылдай уақыт бұрын Елбасы Жолдауынының негізінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, шартарапқа шашылған мәдени, рухани құндылықтарымызды түгендеу, жоғалғанымызды тауып, қирағанымызды қалпына келтіру тапсырмасы берілген болатын. Осы орайда ғалымдар мен археологтар, әдебиет, мәдениет саласының мамандары, тарихшылар, зиялы қауым бірлесіп қыруар шаруа тындырды. Өз жеріміздегі және алыс-жақын шетелдердегі қазақ тарихына қатысы бар мәдени, рухани құндылықтарымыз, археологиялық және сәулет туындылары, жазба және көркем әдебиет қолжазбалары жинақталып елімізге әкелініп, том-том кітаптарға топтастырылды. Бірнеше ғасырлық тарихы бар ғимараттарға реставрация жасалды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін тамашалауға бүгінде алыс-жақын шетелдерден көптеген мамандар елімізге келді. Олар бағдарлама аясында көз майын тауысып еңбек еткен ғалымдар мен мамандар жарыққа шығарған том-том кітаптарды, қалпына келтірілген ғимараттардың макеттері қойылған көрмелдерді тамашалап, ғалымдардың қызықты баяндамаларын тыңдап қайтты.

Асқар Әлібек Асылбайұлы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің жауапты хатшысы: – Он жыл ішінде ұлан-ғайыр жұмыстар атқарылды. Қазақ тарихына қатысты қытай, монғол, иран, араб, түрік мұрағаттарындағы, Еуропа мен Азияның өзге де елдерінің сан алуан қорлары мен кітапханаларындағы ондаған мың құжаттардың көшірмесі алынып, ғылыми айналымға түсті. Солардың негізінде көптеген монографиялар, оқулықтар және зерттеу еңбектер жарық көрді. Қазақстан аумағындағы 37 көне қалалар зерттеліп, 113 тарихи-мәдени ескерткіштерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді.Қазақ халқының тарихында бірінші рет 100 томдық «Бабалар сөзі» деген атпен қазақ ауыз әдебиетінің жинағы жарық көрді.Ғылыми, фольклорлық экспедициялар мен зерттеулер нәтижесінде «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі», «Қазақтың 50 батырлар жыры» атты бірегей жобалар жүзеге асырылды. Мұндай бағдарлама ешқандай елде болмаған. Он жылдың ішінде мемлекет қазынасынан жылма-жыл қомақты қаржы бөлініп отырды. Осыған сәйкес атқарылған жұмыстар да қыруар. Қазақ тарихы мен мәдениетіне 500 мыңға тарта құжат әкелінді. Алдағы уақытта осы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жинақталған құжаттарды, мәдени, тарихи құндылықтарды бір ізге түсіріп, мектеп және жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізуді ақылдасуымыз керек.

«Мәдени мұра» бағдарламасының он жылдығына орай ұйымдастырылған шараға «алаш айнасы» тілшілекрі де қатысқан еді. Біз оқырман назарына арнайы ұйымдастырылған көрмеде түсірілген ең қызықты суреттерді ұсынып отырмыз.

Иә, мәдени мұраны түгендеу оңай шаруа емес. Дегенмен он жыл уақыт ішінде біздің тарихымыз біршама байып, жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз жанып, көнергеніміз жаңғырды. Ал енді осы бар байлығымызды жүйелі түрде зерттеп, зерделеп, пайдамызға жарату алдағы уақыттың еншісінде.

Суреттерді түсірген ©Нұрғиса Елеубеков

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста