Луинаның жартылай жалаңаш суретінен соң туристер Маңғыстауға лек-легімен ағылуда
Әнші Луина отандық жағажайлардағы демалысты насихаттауда, деп хабарлайды NUR.KZ "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Әнші қыздың Каспий теңізі жағасында түскен жартылай жалаңаш суреті Ақтау жағажайларына келетін демалушылар санының артуына сеп болды, деп жазады басылым. Осыдан бір ай бұрын Луинаның әлеуметтік желіге салған суретіне 17,5 мың адамның назары түскен.
Жүздеген желі қолданушысы сурет астына жазба қалдырып, онда демалу үшін Түркияға емес, Маңғыстауға аттанатынын айтқан. Үнемі өз елі мен өз қаласының патриоты екенін айтып жүретін әнші отандық демалыс орындарын, әсіресе жағажайларда демалуға мән беретін көрінеді. Оның мұндай қарапайымдылығына қайран қалысқан жұрт оның Қапшағай суында жүрген кездеріне де куә болған.
Дегенмен, желі қолданушыларының арасында оның бұл кейпін жақтырмай, сын айтқандар да болды. Жартылай жалаңаш суретін жаратпаған әлеуметтік желі қолданушысы: «Бұл әнші, модель емес. Біз әншілердің әнін бағалап, тыңдаймыз. Ал егер әдемі мүсінге қарап, шабыт алғымыз келсе, модельдерге көз тастаймыз», - деп пікірін білдірді.
«Луина əндеріңді тыңдаймын. Жақсы, жағымды. Бірақ сол əндерің сияқты əдемі. Көзге сүйкімді киімдер киші», - деген сынды пікірлерден көз ашу мүмкін болмады.