Лондонда – құрылтай, Ақтауда – «Жан анам»

Лондонда – құрылтай, Ақтауда – «Жан анам»

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, әнші, продюсер Майра Ілиясова маусым айының басында гастрольдік сапармен Лондон қаласында болып қайтты. Онда Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының кіші құрылтайы өткені баршаңызға мәлім. Әлемнің әр түкпіріндегі 15 елден қазақтар бас қосқан бұл дүбірлі жиынға Майра Ілиясова өзінің шәкірттері «Қыздар-ай» тобын ала барыпты. Сонда болған бір қуанышы жайлы Майра Ілиясова былай дейді:
– Атамекеннен жырақта жүрген қан­дастарымызға қазақ әнінен тарту етіп, олар­­дың ықыласына бөленіп, қуанып жатқан шақта мен елден «немерелі бол­дың!» деген сүйінші хабар естідім. Қызым дүние­ге ұл бала әкеліп, оған осы Дүние­жүзілік қа­зақтар қауымдастығы бас­шы­ларының бірі, белгілі драматург, жа­зу­шы Сұлтанәлі Балғабаевтың құрметіне Сұлтан­әлі деп қойдым!
Ал одан бұрын, яғни, маусымның 6-сы күні «Майра» продюсерлік орталығы биыл ғана дүниеге келген «перзенті» «Райан» және «Қыздар-ай» тобымен бірге Ақтау қаласында «Жан анам» қайырымдылық концертін беріп келді. Оған сондай-ақ Ескендір Хасанғалиев, Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасовалар да қатысыпты. Бұл шараны ұйымдастыруға Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Президент жанындағы Отбасы және де­мографиялық комитеттің төрайымы Гүлшара Наушақызы қолдау көрсеткен. Об­лыстардағы «Жан анамның» алғашқы концертінен түскен қаржы Ақтау қаласын­дағы Сағыныш есімді бүлдіршін қыздың денсаулығына жұмсалған.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста