Өзін «ең табысты журналист» деп баға берген Ләйлә Сұлтанқызы өзінің туған күн кешін достары мен жақындарының арасында атап өтті.
Жүктеген суреттерінен туған күн кешіне Айгүл Мүкей, Ерке Есмахан, Гүлнұр Оразымбетованың келгенін байқаймыз. Жақында ғана жүктелгеніне қарамастан, суреттердің ішінен Алтынай Жолдыбаева мен Мәдина Сәдуақасованы көрмей қалған жұрт пікірлерін қалдыруда.
Естеріңізге сала кетейік, Алтынай Жорабаева Ләйлә Сұлтақызына жеке өміріне байланысты сұрақтарды ескертпей, тікелей эфирде қойғандығына ренжіген еді.
Алайда, бұған қатысты журналистің өзі тіс жарған жоқ.