Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайы жайлы естеліктерімен бөлісіп, жас күнінде біреудің үшінші жары болуды армандамағанын айтты. Ләйлә Сұлтанқызы алғаш рет Youtube арнасында отбасы жайлы шындықтың бетін ашты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ұлдарымның екі үлкен ағасына алғысымды білдіремін. Балаларға күнде хабарласып, "Қайдасыңдар? Не істеп жатырсыңдар?" деп сұрап отыратын ағаларының барына тәубе. Олардың да өмірінің бір күнде астаң-кестеңі шықты. Бірақ олар бірден есін жинап, шешім қабылдау керек екенін түсінді. Кіші ұлы әкесін осы жақтан жаназасына алып барды. Үлкен ұлы арғы жақта қарсы алды. Жаназасына бүкіл Алматының адамдары келді. Қызының анасы, екі ұлдың анасы келді.
Өмір ғой, менің пешенеме сол жазылған екен. Біреудің үшінші некелескен жары болуды жазған екен. Мен де біреудің жалғыз қызымын. Мен де қыз кезімде ондай нәрсені армандамаған шығармын. Екі баланың көрер жарығы бар екен, мен оған қарсы тұра алмаймын ғой", - деді Ләйлә Сұлтанқызы. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өткен болатын. Сондай-ақ жұбайының қырқын берген тележүргізуші күйеуі жайлы естеліктерімен бөлісіп, неліктен тойы болмағанын айтты.