KZ те руға бөлінетін болды

KZ те руға бөлінетін болды

Адамзаттың игілігіне қызмет ететін дүниелер кейде халықтың сорына айналып жатады. Мәселен, ғаламторды бүгінде біреулер ақпарат алудың құралы ретінде пайдаланатын болса, енді біреулер оны жеке мүддесі мен қитұрқы мақсаты үшін қолданады. Бір өкінерлігі, соңғы уақытта ғаламторды пайдалану арқылы бәзбір адамдар қазақтың арасына іріткі салумен айналысып жүрген секілді.

Кезінде патшалық үкімет қазақ халқын «бөліп алып, билеу» үшін оны террито­рия­лық аймақтарға топтап тастаған болатын. Сон­дай-ақ бұл мақсатты орындау үшін қазақтың рулық қатынасы негізге алынған. Заман өзгеріп, бүгінде қазақтардың ара­сына іріткі салудың жаңа құралы табы­л­ып отыр. Кейбіреулер ғаламтор арқылы ру арасындағы ескі жараларды қоздырып, қа­зақтарды қазақтарға қарсы қойып қой­ған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, соңғы уа­қытта кейбір сайттарда бір руды жа­мандау, бір руды кемсіту бағытындағы ма­қалалар, пікірлер қаптап кетті. Мұнымыз сор ма, қорлық па – оны  ой­лап жатпаймыз. Мәселен, қазір ғаламторда тіпті әр рудың жеке блогы бар. Онда сол рудың адамдары ғана жазуға хақылы. Мұндай блогтарды ашып қарасаңыз, өз руын мақтау, өз руын басқалардан жоғары қойып, басқа руларды кемсіту бағытындағы пікірлер қаптап тұрады. «Біздің руымыз мықты» немесе «осындай ру адамдары, бірігіңдер» деген сияқты сөздерді жиі ұшы­ратуға болады. Ру блогтарына жаза­тын­дардың дені 15-20 жас аралығындағы азаматтар екені белгілі болды. Бұл біздегі рушылдық ауру бесіктен басталады дегенді көрсетеді. Сонымен қатар ғаламторда өз ру батырларын басқа қазақ батырларынан жоғары қойған мақалалар көп. Мұндай мақалалар елге кеңінен танымал сайттарда да өріп жүр. Мәселен, жуырда отандық бір сайтта мектеп оқулығында Қаракерей Қа­банбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапы­раш­­ты Наурызбай батырлар туралы жазылған әңгімені сынаған мақала жарық көрді. Ол әңгімеде Наурызбай батыр қасындағы екі батырға қарағанда жолбарысты көбірек түйреп өлтіріпті. Мақала авторы осыны сынға алады. Яғни басқа батырларға қара­ғанда Наурызбай батыр неге көбірек жолбарыс өлтіруі керек деген пікірді айтқысы келеді. Міне, осындай болар-бол­мас әңгіме үшін ру арасына, жалпы қазақ ұлтының арасына шоқ тастайтын мақалалар жетерлік. Осыдан бірнеше күн бұрын бір жолдас жігітпен кездесіп қалып, осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбіткен едік. Оның айтуынша, қазір мектеп оқу­шы­лары дәптерлердің, басқа да мектеп құ­рал­дарының сыртына ру аттарын жазып, тіп­ті кей сабақтарда руға бөлініп отырады екен. Мұның соңы руға бөлініп, жұдырық­тасу­ға да ұласатын көрінеді. Қазақ «тәрбие – тал бесіктен» дейді. Бүгін бесігінде жат­қан балаларымыз руға бөлініп, өзара қыр­қы­­сып жатса, ертең еліміздің болашағы қа­­лай болар екен деп еріксіз ойға қала­сың.

Аманхан ӘЛІМ, ақын:
– Осыдан біршама уақыт бұрын «Руыңмен у ішкін, мен ішпеймін» деген мақала жазған болатынмын. Ол туралы өлеңім де бар. Руыңды білуің керек, бірақ рушыл болмауың керек. Жүзіңді білуің керек, бірақ жүзшіл болмауың керек. Біздің жастар осыны ескермейді. «Бөліп ал да, билей бер» деген саясат бар. Оның түп мақсаты – қазақтарды жүзге бөлінетінін біліп, оларды бір-біріне қарсы айдап салу. Кезінде Спе­ранский деген Сібір генерал-губер­наторы болған, ол орыс патшасына жазған хаттамасында: «Қырғыз-қайсақ жерінде сексеуіл деген өсімдік өседі, оны балтамен шауып, арамен аралай алмайды екенсің, оны бір-біріне ұрып қана жарады екен. Қазақтарды да сол сияқты бір-біріне қарсы қойып, жеңуіміз керек. Өйткені олар руға және жүзге бөлінеді екен», – дейді. Бірінші Петрден бастап Петр Свойкқа дейін осыны біліп, әдейі қазақтарды руға, жүзге бөлдіреді. Мұндай саясат Кеңес Одағы кезінде де болған. Руспубликаның не обкомның бірінші хатшысын бір жүзден қойғанда, міндетті түрде оның орынбасарын екінші бір жүзден қоятын. Бүгінде көлік сыртына, басқа да жер­лер­ге ру аттарын жазып қоятындар бар. Бұл азаматтар руын жазу арқылы қазақтың мемлекеттігіне, ұйыған ұлтшылдығына оқ атып жатыр. Олар бір күндік, он күндік немесе бір жылдық ұстаным арқылы мәңгілік мемлекеттігі­мізге қарсы әрекет жасауда. Мен бұлар­ды шын мағынасындағы жау дер едім. Өз ішімізден шыққан жаулар. Олармен ешқашан ымыраға келуге болмайды.


Әбен ӘБДРАСИЛОВ, Біріккен азаматтық қордың президенті:
– Өткен жылы елімізде ғаламторды реттеу туралы арнайы заң қабылданған болатын. Осыған сәйкес біз ғаламтор­дағы барлық теріс пікірлерге тосқауыл қойылады деп ойлаймыз. Ал енді рулық қатынас, жүз туралы жазатындарға біз ешқандай қарсы шара қолдана алмай­мыз. Бұл – әрбір азаматтың санасы мен ақыл-ойына, өресіне байланысты шаруа. Рас, қазір ру аттарын көліктерінің сыртына жазып алатындар бар. Менің айтатыным, біз ең әуелі өзіміздің қазақ екенімізді мақтан тұтуымыз керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста