Күйші Нұржан Тәжікеновтің басы дауға қалды (видео)

Қазақтың қоңыр домбырасын әлемге танытып жүрген талантты домбырашы Нұржан Тәжікеновтің басы дауға қалды. Белгілі күйшінің үстінен көршілері "шлагбаумды сындырып кетті" деп шағым түсірді. Оқиға бесінші желтоқсан күні "Атлетик ауылы" тұрғын үй кешенінің кіре берісінде болған.

 

Нұржан Тәжікеновпен Экспресс К тілшісі сұхбаттасты.

 

Өнер иесінің шлагбаумды теуіп, кейін электр сымын жұлып алған сәтінен түсірілген бейнежазба Instagram-дағы Zhaloby.almaty парақшасында жарияланды. Осыдан кейін Алматыда бірнеше тұрғын Нұржанның "шлагбаумды сындырғанын" айтып полицияға шағымданған.

 

 

Күйші сол күні түн ортасында қонақтан ақ түсті көлігімен үйіне келеді. Көліктің ішінде үш баласы және жақында операциядан шыққан келіншегі болған. Нұржан өз үйіне көлікпен өту үшін "Атлетик ауылы" тұрғын үй кешенінің кіре берісіндегі шлагбаумның арнайы кодын теріп ашпақ болады. Алайда аша алмай қояды. Содан ашуға булыққан күйші шлагбаумды бір теуіп, шетінде шығып тұрған сымын жұлып алады.

 

instagram.com/nurzhan_tazhikenov

 

"Көршілеріммен бірге шлагбаум үшін 1 миллион 700 мың теңге жинадық. Сол қомақты қаржыға сапасыз дүние әкеп орнатқан. Сымы біресе тиеді, біресе тимейді. Бірақ мен сындырған жоқпын. Ол бірнеше күн бұрын істен шыққан болатын. Оған көршілерім куә. Сол түні үш баламмен өз үйіме кіре алмай қалдым. Балаларым көлікте ұйықтап қалды. Үлкені 3 жаста, ортаншысы бір жарым жаста, үшіншісі бір айлық нәресте. Күн суық, жол көк тайғақ мұз, түн ортасы. Келіншегімнің операциядан шыққан кезі. Осы шлагбаумның кесірінен көлік ішінде ұйықтап жатқан балапандарымды бір-бірлеп үйге көтеріп апардым. Ал егер жаны қысылып жатқан ауру адам болса ше? Жедел жәрдем қалай кіреді? Құдай сақтасын кенеттен өрт шықса, не болады? Өрт сөндіретін көлік мүлдем кіре алмайды", — дейді Нұржан Тәжікенов.

 

Нұржан бірнеше ай бұрын істен шыққан шлагбаум үшін бір тиын да төлегісі жоқ.

 

Біз ақшаны Әсел деген келіншекке жинап бердік. Көлікпен үйге кіре алмай жүргенімді бірнеше рет көршілердің ортақ чатында жаздым. Ешкім жауап бермеді. Мен шлагбаумды сындырған жоқпын. Өзі сынып тұрған. Мен ел ойлағандай бұзақы емеспін, — дейді күйші.

 

instagram.com/nurzhan_tazhikenov

 

Нұржан мен көршілері арасындағы дауға қашан нүкте қойылатыны белгісіз. Күйші жанұясымен "Атлетик ауылы" тұрғын үй кешенінде 2018 жылдан бері тұрады.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста