Продюсер Әлішер Нұржанов бірінші әйелімен ажырасуына қазіргі жары Айдана Меденованың еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әлішер осылайша өзінің және отбасының атына дақ түсіргісі келгендерге жауап берді.
«Айданамен танысқанға дейін 2 жыл бұрын мен ресми түрде ажырастым. Менің бұл мәлімдемемді ақталу деп санаудың қажеті жоқ. Бұл бар болғаны фактіні көрсету», – деп жазды Әлішер Нұржанов желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Әлішер мен Айдана 2015 жылы шаңырақ көтерді. Жұлдызды жұптың Әминә есімді қызы мен Әлихан есімді ұлы бар. Ал Әлішер Нұржановтың алғашқы некесінен екі ұлы бар.