Дариға Бадықова өмірлік серігімен бірге Ұлттық арнаның "Күйеу бала" телехикаясына түсті. Актрисаның мұндағы образы бұрынғыдан өзгерек. Кейіпкерім күйеуінің өзге әйелмен көңіл қосқанын білсе де, ешкіммен ұрыспайды, бәрін ішіне жұтады, дейді Бадықова. Енді актриса бұл оқиға өмірінде қайталана ма деп қорқып жүр. Бұл туралы ол "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Фильмге, сериалға түскен кезде ондағы рөл актердің тағдырына айналуы мүмкін бе? Негізі әр актер оны ойланады. Мен көбінесе драма, трагедия ойнағанды ұнатпаймын. Себебі ол жан дүниеңде қалып кетеді. Меніңше, ол рас сияқты", - деп ағынан жарылды актриса.
Алайда хикаяның кей тұстары көңіліне жақпаса да, Бадықова бұл жолы "Күйеу бала" телехикаясына күйеуімен бірге түсуге келісім берген.
"Шиеленіске, шарықтау шегіне толы, линияның үздіксіз жалғасуы маған өте қиын болды. Себебі күйеуімнің басқа әйелмен қыдыруы, ол әйелмен өзімді салыстыруым, Рабиға басқа сериалдағыдай ешкіммен ұрыспайды, тек ішіне жұтады. Оның ақсүйектілігі мен үшін ерекше болды.
"Басқа елде өздері тікпей ме?": Дариға Бадықова өнімдерін қымбатқа сататын отандық өндірушілерге шүйлікті
"Ашық-шашық киімі үшін бас тартпа": Жазира Байырбекова жар таңдауда ұлына қандай кеңес бергенін айтты
Енді сол менің өмірімде қайталанса ше дегеннен қорқып отырмын. Әлі күнге дейін шошып кетемін. Жалпы сериалды таңдайтын кезде аурухана, жол апаты сияқты сахналардан бас тартамын. Ұлттық арнаның "Күйеу баласы" үшін жан пида деп мен осындай жолға бардым", - дейді актриса.
Бадықова өмірдегі жолдасымен кинода ойнау қаншалықты қиын екенін түсіндірді.
"Жұбайыңмен ойнау қиын. Себебі сенің күйеуің ғой, сенбей тұрасың. Бірақ актерлік шеберлікке салсаң, бірдеңе қып сенуге тура келеді.
Ал ол кісі менімен түскеніне риза болып жүр. Басқа ештеңе қызықтырып жүрген жоқ", - деп күлді Бадықова.