Кубалық әнші «Қара жорға» әніне бейнебаян түсірді

Кубалық әнші Исаак Реал мен «Алдаспан» тобы «Қара жорға» әніне жаңаша стильдегі бейнебаян түсірді. Бейнебаянның тұсаукесері бүгін СТВ арнасында кесіледі деп хабарлайды Тенгри ФМ радиосының тілшісі.

Ән қазақ тілінде шырқалады. Бейнебаянның түсірілім жұмыстарына Алматы қаласының және кубалық бишілер атсалысқан. «Алдаспан» тобының мүшесі Нұржан Тойшының айтуынша испанша сөйлейтін әншінің орындауындағы қазақтың әні барынша заманауи және тамаша шыққан.

Ал өз кезегінде «Алғашқы ән таңдау барысында мен әннің сөзінің оңай болғанын қаладым. Бірақ, «Қара жорғаны» естігенде дәл осы әннен бастау керек екендігін түсіндім. Оңай жол болмайды демекші, тілімді жаттықтыру үшін әннің барлық сөзін жаттап алдым. Мен осы әнді қатты айтқым келді. Себебі, латын мен америкалық әндер секілді ол өте ырғақты. Не дегенмен, барынша тырыстым. Өз ойымша жақсы шыққан секілді» — дейді Исаак Реал.

Бүгінде Исаак қазақ мәдениетін өзге елдерде таныстыруға тырысып жүр. Осыған дейін маусым айында кубалық әнші мен «Алдаспан» тобының «Ай, Мария!» әні Кубадағы Radio Metropolitana хит-шеруіне кірді.

baistars.kz
 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста