«Көзіме ерік бердім»: Қарақат Әбілдина мұңға батты
"Мұңнан кейін мықты дүние туып жатады. Кеше сондай бір көңілде күз орнаған күн болды", - дейді ол.
Қарақат Әбілдинаның анасы тірі болғанда биыл 80 жасқа толар еді. Әнші ана туралы әнімен қоса анасының бейнесі бар кадрларды жариялаған. Мұны айтқан ол бір күн өткен соң төмендегідей жазба жариялады, деп хабарлады paryz.kz.
"Мұңдымын деп шағынбаймын қашанда, Қорқам бірақ тіпті мұңсыз жасауға. Мүмкін бе екен шексіз сүйіп өмірді, Сол өмірдің мұңдарынан босауға". Ақындар, жалпы өнер адамдары мұңмен дос болып келеміз-ау. Мұңнан кейін мықты дүние туып жатады. Кеше сондай бір көңілде күз орнаған күн болды. Өзім бір мезгіл үйден ұзақтап, жалғыз қалып, сағынған жақынымды еске алып, бауырларыммен сөйлесіп, сырласып, шер тарқаттық. Көңіліме де, көзіме де ерік бердім. Суреттегі бейнемнен де көрініп тұрған болар. Кеше менімен бірге біразыңыз мұңайдыңыз, сағындыңыз, жыладыңыз. "Іштің кірін жумай ма көздің жасы" дейді ғой, бір жеңілдеп қалған боларсыз. Кей-кейде көңілде осылай қоңырсалқын кез болғанда өзіммен-өзім болып, өзімді тыңдап, өзіммен сырласамын. Сіз мұндайда қандай амал жасайсыз?!" - деп ағынан жарылды әнші.
Мұны оқыған оқырмандары әншінің мұңайғанына алаңдап қалған. Олар да өз аналары туралы естеліктерін жазып, әншіге сабыр пен жақсылық тілеуде.