Көшеге қойсаң жарнама, өз тіліңді қорлама!

НАМЫСЫҢ БОЛСА – ЖАРНАМАҢДЫ ТҮЗЕ!
«Алаш айнасы» мен «Бауыржан» қайырымдылық қорының бірлескен жобасы

Бүгінгі Семейдің келбеті көркейіп, көшесі кеңейіп, айналасы жөнге келе бастағаны жайлы қала тұрғындары тарапынан көптеп айтыла бастағанымен,  көңілге көлеңке түсіретін көріністер барын да ешкім жоққа шығара алмасы анық. Жай уақытта «еліміздің рухани-мәдени астанасында» тұратынын тілге тиек етуге әуес келетін «көзі ашықтар» бұрыш айналсаң көлденең шыға келетін қате жазуларды қаперіне алмайтыны өкінішті - ақ.  Қаланың халық қарасы үзілмейтін көшелерін асықпай аралап келе жатсаңыз, қазақша сауаты шамалы адамның ісі екендігін әйгілеп тұратын  жарымжан жарнамалардан жаның жүдеп сала береді. Мұндай олқылық көбіне өз өнімдерінің сапасын танытқысы келетін жеке кәсіпкерлерден шығады десек, шындықтан алыс кеткен болар едік.

Қала тұрғындарының ауызсумен қам­та­масыз етілуіне жауапты мүйізі қарағайдай мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын – «СемейВодоканалдың» семейліктердің назарына ұсынған өз қызметтері жөніндегі хабарландыруына көз жүгіртсеңіз-ақ қате менмұндалап шыға келеді. «Суық суды есептейтін қүралдарды пломбалау». Дұры­сы – «суық суды есептейтін құралдар­ды пломбалау» екенін сіз бен біз жақсы біле­міз. Өкінішке қарай, қызметі тұрмақ, төл атауын әлі күнге «Семей су арнасы» деп қа­зақша­лауға шамасы жетпей отырған меке­­менің ғимарат қапталына «айғайла­тып» қойған бұл қатесін түзетер бір пенде бала­сы өз іштерінен әлі күнге табылар емес.
Ал енді ана тілімізде «шақыратын» жарнамалардағы ірілі-ұсақты қателермен күресу мақсатында қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан ара-тұра рейд жүргізіліп жатқанымен, санасына сауаттылықтан бұрын сауданың сәулесі түскендердің нәтиже шығарып отырғаны шамалы. Бұған мысал ретінде Қабанбай батыр көшесіндегі сап-сары тақташаға қап-қара, және қып-қызыл етіп «Тегін шәш кию» (дұрысы – тегін шаш қию) қызметін ұсынған ұсқынсыз жазуды айтсақ та жеткілікті.
Маржан БАХАТОВА, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,тілдерді дамыту секторының меңгерушісі:
– Негізі, жарнама ұсынып отырған өнімнің бет-бейнесін, ішкі, сыртқы мүм­­кіндігін толық ашып тұруы тиіс. Әри­не, жарнаманы бере білудің, оны қысылмай көрсете білудің түрлі әдіс-тәсілі баршылық. Мәселен, қазақ тілінің сөздік қорға бай әрі өз ретімен ағылып кете беретінін ескерсек, жарнаманы өлең түрінде де әсерлі етіп жасауға болады. Алайда еліміздегі жарнама агенттіктері орысша мәтінді мағынасына қарай емес, тікелей ау­дару­ға машық­танып алған. Шындығы керек, қазақ тіліндегі мәтін жарнама­лап отырған тауарының маңызын барынша ашып тұр ма, жоқ па, бұл жағы жеке пайда көздегендерді аса қызықтыра қоймай­ды. Жарнама –экономикалық-әлеумет­тік ілгерілеудің алғышарты. Бірақ «Жарнама туралы» Заңды іске асыруға келгенде, еліміздің жарнама агенттікте­рі заңсыздыққа жол береді. Түсіне біл­генге жарнама – қоғамдық тұрғыдағы тәрбие құралы. Осы жағынан алғанда, бізде ана тілімізде жарнама берудің кенжелеп қалғаны қынжылтады.

Мәселен, қаладағы ең ірі көшелердің бойындағы «Көлік жуу» қызметін әйгілеген бір нысанның алғашқы әрпі түсіп қалып, «... өлік жуу» болып, алыстан бадырайып, өткен-кеткендерді бір дүрліктіргені бар. Абырой болғанда жергілікті басылымда жарық көрген сыннан кейін дер кезінде түзетілді. Бірақ «Арт» шаштаразының (Засядько көшесінде) алғашқы әрпі түсіп қалып, «... рт» болып бірнеше айдан бері тұрғандығын жұмысқа күнделікті келетін қызметкерлерінің өзі қалай байқамай жүргеніне тағы да таңғалмасқа шараң жоқ. Бұл, сөз жоқ, шаштараз иесінің  айна­лып келгенде өзіне-өзі жаны ашымаған­дығын көрсетеді.
Әңгімеміздің өзегі қазақ тіліндегі жарнамалар жайына ауысқанда жеке табыс көзінің нысандық атауларының да астарын айналып өте алмасымыз анық. Мәселен, қала орталығындағы Б.Момышұ­лы көшесінен «СССР» атты кафенің ашыл­ғанына бес-алты жылдың жүзі болды. Басқа дәмханалардан атауы ғана өзгерсе бір жөн, еңселі ғимараттың жоғарғы жағындағы «Добро пожаловать в СССР» дегенді қалай түсінер едіңіз?! Ар жағында Тәуелсіздікті мойындағысы келмейтіндер­дің астам пиғылы жатқан жоқ па?! Әйнекті сыртқы  қабырғасына «Известия», «Прав­да» газеттерінің кескіні түсірілгені өз алды­на, күрең тұсқағазбен қапталған ішіне бас сұқсаңыз, пионерлердің кернейі мен бара­баны, Лениннің портреті көзге түседі. Өске­мендегі «Император» сауда үйі мен Семей­дегі «СССР»-дің дәурені жүріп тұрғанда қазақ тілінде сауатты жарнама талап етудің өзі қисынсыз көрінетіндей әсер қалдырады.
Орал ШӘРІПБАЕВ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Шығыс аймақ бойынша вице-президенті, Қазақстан Халық ассамблеясының мүшесі:
– Жеке пайда, табысын арттырып, өз ісін дөңгелетіп кәсіпкерлікпен айна­лы­суды көздеген адамның алдымен өз мемлекетіне деген ниеті, көзқарасы дұрыс болуы керек. Олар өз жарнама­сына деген халықтың көзқарасын емес, мемлекетке төлейтін салықты бірінші орынға қояды. Ұғына білгенге жарнама – идеология көзі. Кафе-дүкен ашса да оның арғы саяси астары сырт көзге қалай көрінетіндігіне мән беретін адам тәуелсіз Қазақстанның «Тіл туралы» Заңындағы баптарды басшылыққа алуы керек. Айта берсек, бұл тек «Қазақ тілі» қоғамы ғана емес, басқа құзырлы орындар бірлесіп шешіп отыратын шаруаға айналуы тиіс.

Тоқетеріне көшсек, қазақ тілінің қатеге толы жарнамалары туралы бұған дейін де талай айтылған, тағы да қозғала беретініне күмән жоқ. Бірақ «Аяғы жаман төрді былғайды, аузы жаман елді былғай­ды» деген қазақ мақалын қаперге алсақ, тіл тазалығын сақтау­ға талапты күшейту елдігі­міз­ді сақтаудың негізі болып табылатындығы және бір айтсақ та жеткілікті болар. Ал Шығыс өңірде 22 наурыздан 22 қыркүйекке дейінгі аралықты қамтитын «Тіл тазалығы» акциясы басталып кетті. Олқылықтарымыздан сонда арылармыз, бәлкім...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста