Отандық актер Асылхан Төлепов ұзақ үзілістен соң театрға қайта оралды. Ол Алматыдағы Ғабит Мүсірепов театрында сахналанған "Адам-зат" спектаклінде басты рөлді сомдаған. Бұл туралы "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Тұсауы кесілген жаңа туындыда Төлепов көршінің қызын жүкті қылған жас жігіттің образын көрсетеді.
"Үсті-басы жыртық. Үйі болса, анау. Әкесі алқаш, анасы жоқ. Былайша айтқанда, жетім өскен жігіт қой. Әкесі қарамаған. Жоқшылықтың кесірінен осындай қадамға барды. Басқа амал жоқ. Ал сәбидің өмірге келуі үшін бір адамның өлуі міндетті емес. Біз соны жеткізгіміз келеді", - деді актер.
Айта кетерлігі, әлеуметтік тақырыптарды қозғаған жаңа қойылым көптің де көңілінен шыққан.