Кеше Алматыда «Конституция және Қазақстан Республикасындағы конституциялық дамудың өзекті мәселелері мен болашағы» атты Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Отырыс қонағы Сұлтан Сартаев Қазақстанның болашақтағы мүмкіндіктері өте үлкен екенін айтады. Оның айтуынша, жер көлемі жағынан әлем бойынша тоғызыншы орынды иеленетін Отанымыздың жер асты және жер үсті байлықтарын тиімді пайдаланған жағдайда екі миллиард адамды асырап отыруға шамасы жетеді. «Осындай зор мүмкіндіктері бар халықты тек бейбітшілік жағдайы ғана жетілдіре алады. Мәселен, соңғы жылдары экономикасы мен әлеуметтік ахуалы айтарлықтай артып бара жатқан Ливияның өзі ақпараттық шабуылға шыдамай, шаңырағы опырылды» – дейді заңгер.
Шара барысында дөңгелек үстел қонақтарына «Конституция – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты безендірілген ауқымды кітап көрмесі ұсынылды. 1500-ден аса әдебиеттер қойылған көрмеде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған кітаптар ерекше қызығушылық танытты. Көрмеде қазақ халқы үшін ортақ заңдастыру тарихи кезеңі туралы материалдар ұсынылды.
Конституция құрметіне кітап көрмесі ұсынылды
Последние статьи автора