Консерватория бітірген тұңғыш қазақ қызы

Консерватория бітірген тұңғыш қазақ қызы

Жасы 85-ке келсе де домбырасын қолынан тастамай күйді төгілтіп, сөздің майын тамызып отырған әжейді көргенде біздің қазақ аналарының мықтылығына, қажыр-қайратына, ақыл-парасатына таңғаласың және кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді екен. Бұл менің Сәнен апамды көргендегі әсерім. Сәнен Сәмиғұллақызы Әжиеваның есімі қазақ өнерінің тарихына қанық адамдарға жақсы таныс. Өзінің өмірін өнерге арнаған Сәнен апай – Дина шешемізден кейінгі қазақ қыздарының арасындағы тұңғыш кәсіби домбырашы. Таяуда Сәнен апа 85 жасқа толды. Дана да, дара апамызды бір топ шәкірттері, Әуезов ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің қызметкерлері, журналистер қауымы туған күнімен құттықтап шықты. «Алаш айнасының» атынан біз де барып, апамыздың дастарханынан дәм татып, күй тыңдап бір жасап қайттық.
Сәнен Сәмиғұллақызы Ақтөбе облысы Бейнеу ауданында 1929 жылы дүниеге келген. Ол кісі бала кезінде отбасымен Алматыға көшіп келіпті. Сәнен апаның әкесі де белгілі күйші болған кісі екен. Сәмиғұлла Андарбаев Құрманғазы оркестірнің негізін қалаушылардың бірі.
«Әлемге әйгілі Ахмет Жұбанов алғаш Құрманғазы оркестрін құрған кезде әкем оркестр құрамында домбырашы болды. Өзі келбетті, ірі, өте талантты адам болатын. Ол кісі тек домыбарада ғана емес, барлық аспапта шебер ойнайтын. Кейде оркестрдің құрамындағы примашы немесе бас қобызшы ауырып қалса, Ахмет аға олардың партиясын ойнауды әкеме тапсырушы еді. Әкемнің анасы да домбыраның құлығында ойнаған кісі болыпты. Жалпы біздің әулетімізде анам мен үлкен әпкем ғана аспапта ойнаған жоқ, бірақ теориялық жағынан қай аспаптың қалай ойналатынын, дұрыс-бұрыс нотаның бәрін біліп отыратын. Есесіне үлкен әпкем Балжан Алматы қаласында алғаш тармвай, тарлейбус айдаған әйел адам. Ал өзімнен кейінгі інім Дәрібай тума талант еді. Ол кез келген күйді бір көріп қағып алатын. Бірақ әкем Дәрібайдың музыкант болуын қаламады да, ол техникалық училищені бітірді. Ал Кенжебай деген бауырым еліміздегі ең алғашқы вилончелшілердің бірі, ол тұңғыш квартет құрған музыкант. Бізді әкем мен шешем өте жақсы тәрбиеледі», дейді Сәнен Сәмиғұллақызы.
Айта берсек, Сәнен апаның өмірі көп томдық кітапқа жүк боларлықтай тарих.Аштықты да, жоқтықты да, соғысты да көрген, бірақ ешқашан мойымаған осындай қазақ аналарының, ұстаздарының ғибратты әңгімесі бүгінгі ұрпаққа аса қажет құндылық.
1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Сәнен апа небәрі 5 сыныпта оқитын жасөспірім екен. Сәмиғұлла ақсақал соғысқа аттанғанда Сәнен апа анасымен, бауырларымен Жамбыл облысына көшіп барып сол жақта тұрады. Тылда жұмыс істеп, біреудің малын бағып, соғыстың бітуін тілеп күн өткізген әйелдер мен бала-шағаның көрген күнін айтып жеткізу мүмкін бе?
«Соғыс кезінде біраз уақыт кісінің малын бақтым. Сонда қойларымды иіріп қоямын да өзім биік жотаның басына шығып алып, көкке қолымды жайып бар дауысыммен: «Алла тағала, менің кісінің малын бағып қор болып жүргенімді көресің бе? Мына сұм соғыс қашан бітеді. Әкем соғыстан аман келсе екен» деп тілейтінмін. «Шын жыласа соқыр көзден жас шығады, шын тілесең, Алла тілегіңді орындайды» деген рас, соғыс бітіп, әкем аман-есен оралды. Отбасымызбен Алматыға қайта көшіп барып, әкем оркестрге қайта орналасты, мен оқуымды жалғастырдым. Ахмет аға біз сияқты қазақтарға бар жағдайды жасады ғой. Мен оқушы болсам да оркестрдің құрамында домбыра ойнағаным үшін ең жоғары жалақы 500 сом төлейтін. Дарынды адам барлық жағынан дарынды ғой, әкем соғыс кезінде етікші болыпты, арасында құрылсшы болып та жұмыс істеді. Соғыстан оралғанан кейін өмірінің соңына дейін оркестрде домбыра ойнады», деп еске алады Сәнен апа.
Сәнен Сәмиғұллақызы Алмтыдағы оқуын бітіргенен кейін өзінің журналист жолдасының жұмыс барысы бойынша Шымкент қаласына қоныс аударады. Шымкентте алғаш музыкалық мектепті 3 жыл басқарып, одан кейін жаңадан ашылған музыкалық училищенің директоры болып сайланады. Сәнен апаның іскерлігін, өнерін, мінезін сырттан бақылап жүретін сол кездегі обком басшысы Байғалиев Сәнен Әжиеваға музыкалық училищені басқаруды сеніп тапсырған екен. 26 жыл басшылық қызметте, зейнеткерлікке шыққан соң ұстаздық еткен Сәнен апайдың шәкірттері бұл күндері шартарапта жүр.
Қазақ өнеріндегі есімі елге таныс Лаки Кисоглу, Нұржамал Үсенбаева, Сейдолла Бәйтереков, Нұрлан Байгөзов, Яков Хан секілді дарын иелері Сәнен апайдың тәрбиесін алған адамдар. Басқа да көптеген шәкірттері алыс-жақын шетелдерде жүрсе де әлі күнге дейін Сәнен апайға хабарласып тұруды естерінен шығармайды. Шымкент қаласындағы музыкалық училищеде 18 ұлттың балалары білім алған. Мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, жүздеген мұғалімге басшы болған Сәнен апайдың еңбегі ерен. Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде, АҚШ, Германия, Изараильде, Түркменстанда, Өзбестанда, Грекияда, басқа да елдерде Сәнен апай тәрбиеген шәкірттер алдыңғы қатарлы музыканттар болып табылады.
Ұзақ жыл басшылық қызмет істеген Сәнен Сәмиғұллақызы өз ұжымында ешкімді жиналысқа салып қызартпағанын, ешбір баланы оқудан шығармағанын айтқанда таңғалдық. «Менің айналамда өте жақсы адамдар болды. Мен небір тәртібі нашар деген балаларды оқудан шығарып көрген емеспін. Оқудан шығарып мен не табамын.? Әр баламен жеке сөйлесіп, оқудан шығарып жазалаудың орнына тек 5-ке оқимын деген уәдесін алуға тырысатынмын. Кейбір баладан музыканы жан-тәнімен түсінетін мықты орындаушы шығады, кейбіреуінен жақсы ұстаз шығады. Әр баланың тілін тауып, оны бағалай да, жазалай да білу керек» дейді ұлағатты ұстаз. Апайдың шәкірттерінің бірі Ықылас Нұрғалиев деген азамат Сәнен апайдың басшылық қызметте жүргенде талай мұғалімге үй алып бергенін, ұжымға барынша жағдай жасағанын да тілге тиек етті.
Теледидардан қазіргі мәдениеттің жай-күйін көріп-біліп отырған Сәнен апай біреу күй тартса делебесі қозып, жайы келсе, ақыл қосуға даяр отырады. Оның бүгінгі қазақ өнері туралы да айтар өзіндік пікірі бар. «Әр заманның өз ерекшелігі бар ғой. Бүгінгі қазақ өнері өз деңгейінде. Жақсы әншілер мен күйшілер жоқ емес. Бірақ сахна мәдениетінің төмендігіне кейде жаным ауырады. Өрімдей қыз-жігіттер джинс шалбармен сахнаға шығып, киелі сахнаның қадірін кетірмесе екен дейімін.Мен өз басым, Сәуле Жанпейісова, Жұбаныш Жексенұлы секілді дарынды әншілерді жақсы көрем. Жұбаныштың дауысы, диапазоны кең. Керемет әндерді айтуға лайық. Бірақ кейде жақсы әншілер өз дауыстарының мүмкіншілігін көрсететін әндерді дұрыс таңдай алмай жатады. Ал дауысы 4-5 нотадан аса алмайтын әншілер өте көп. Бұл қазіргі заманның талғамы болып отыр», дейді Сәнен апа.
Бүгінде Сәнен Әжиева Алматы қаласындағы Әуезов ауданында үлкен ұлының қолында тұрады. Қазіргі Сәнен апа тұрып жатқан пәтер төртінші қабатта орналасқан екен. Аяғынан жүре алмайтын Сәнен апаға сыртқа кіріп-шығу қиындық туғызатын көрінеді. Журналистер қауымы бір ауыздан Әуезов ауданының әкімі Бекқали Нұрғалиұлының атына Сәнен Сәмиғұллақызы тұратын пәтерді бірінші қабаттағы пәтермен алмастырып беруіне өтініш жасады Әкім өтінішімізді жауапсыз қалдырмайды деп үміттенеміз

Өмірдерек:
Сәнен Әжиева – ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер. Ол 1951 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1946-55 ж. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінде орындаушы, 1951-53 ж. Чайковский атындағы училищеде мұғалім, 1955-58 ж. Шымкент қаласындағы музыка мектебінің, 1958-84 ж. Шымкент музыка училищесінің директоры қызметтерін атқарды. Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігіне (1949), Қазақстан дегелациясының құрамында Қытай Халық Республикасының бір жылдығы мерекесіне (1950), Бухарестте өткен студенттер мен жастар фестиваліне (1953) қатысқан. Музыка училищелерінің «Қазақ ұлт аспаптарының домбыра сыныбына арналған бағдарламасын» жазып шығарған. «Еңбектегі ерлігі үшін» (1974) медалімен, КСРО «Орта білім беру ісінің үздігі» (1982) белгісімен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста