Түбі бір түркі жұрты
парабалар
Парабаларды орыс тарихшылары «барабинцы» деп жазып, татарлардың этникалық бөлшегі ретінде жаңсақ көрсетеді. Шындығында, парабалардың шығу тарихы сәл басқашалау. Ноғай Ордасы талқандалған соң, бытырап кеткен кейбір рулар көршілес халықтарға мәжбүрлі түрде сіңіп кетеді. Солардың бірі осы парабалар еді. Олардың көшпелі өмір салтын ұстанып, ұлттық тағам ретінде қымызды ерекше қастерлейтіндігін қазақ халқымен туыстығының дәлелі ретінде келтіруге болады. Парабалар тілінде екі диалект айқын байқалады. Бірі – қазақ-алтай, екіншісі – татар-башқұрт диалектісі. Ғасырлар бойы татар халқымен бірге жасасып келе жатқандықтан тілі мен дәстүрі соларға икемделіп кеткен. Өздерін «қазақ пен татардан шыққанбыз» деп санайды.
«Жазған құлда шаршау жоқ»
Қазақ мақалы
Көне түркі жазуын үйренейік
Последние статьи автора