Түбі бір түркі жұрты
қарағаштар
Ноғай ордасы құлағаннан кейін ірілі-ұсақты ру-тайпалар Солтүстік Кавказға тарыдай шашырап кетеді. Солардың бірі – қарағаштар. Этникалық құрамы төрт рудан (маңғыт, ас, найман, төбетпес) құралатын қарағаштар Кіші Ноғай ордасындағы іргелі ұлыстардың бірі еді. Бірақ ресми құжаттар оларды татар деп көрсетіп, 1962 жылға дейін парабалар секілді тек қана татар тілінде оқытылып келді. Соңғы уақыттарда қарағаш зиялылары бұған наразылық білдіріп, мектептеріне ноғай тілін енгізуде. 80-жылдардан кейін жастарының да санасында сiлкiнiс туып, тарихи тамыры – қазақ, ноғай тілі мен мәдениетіне жақындай түскісі келетіні қатты байқалады. «Едіге», «Бірлік» сынды жастар ұйымы сәтті жұмыс істеп жатыр.
Қазір, негізінен, Ресейдің Астрахань облысында тұрады.
«Белгілі қойшың жоқ болса, беліңді бек байла»
Қазақ мақалы
Көне түркі жазуын үйренейік
Последние статьи автора