«Көндіккеніме біраз болды»: Алуа Қонарова жан сырын жайып салды

"Неге үнемі өзгенің баласымен түскен суретті жариялайсыз?" деп пікір жазды. Жаратушы маған бала бермеді.

Продюсер Алма Қонарова балалы бола алмаған айтып, жан сырын ақтарды. Сондай-ақ ол бала асырап алуға тырысқанымен, онысы нәтижесіз болғанын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Талай шәкірт тәрбиелеген продюсер өмірінің бұл тұсын Instagram желісінде айтып берген. "Әркімнің тағдыры әртүрлі. Пенденің мандайына не жазса, сол болады. Бір сөзбен айтсақ, тағдыр ғой. Бірнеше күн бұрын маған әлдебіреу "Неге үнемі өзгенің баласымен түскен суретті жариялайсыз?" деп пікір жазды. Жаратушы маған бала бермеді. Көндіккеніме біраз болды. Есесіне өзге балаларды тәрбиеледім", - деді Алуа Қонарова.

Сондай-ақ продюсер қайырымдылықпен айналысқанымен, мұны желіде жарияламайтынын да айтып өтті. Ол балалар үйіне, сәбилер үйіне, қарттар үйіне мүмкіндігінше барғанын жеткізді.

"Қайырымдылықпен айналысқанымды ешқашан ешкімге айтпадым, еш жерде жарияламадым. Әлеуметтік желіге түсіріп салмадым. Арнайы видеограф жалдап, қайырымдылықты жариялауды жөн санамаймын. Жиі балалар үйіне, сәбилер үйіне, қарттар үйіне мүмкіндігімше бардым. Кейде біреудің маңдайынан сипау, жылы сөз айту да маңызды. Ол балалардың көздерін ешқашан ұмытпаймын. Жақыны бола тұра, өмірінің соңында жалғыз қалған қарттардың көз жанары ұмытылмайды. Ерекше балалар да еркелеткенді, мейірімді жақсы көреді. Ал сәбилер үйіндегі балалар "Мені қашан алып кетесің?" деп жүгіріп жүреді. Мұндай сәттерде қалай жауап қайтарарыңды білмейсің. Оларды сүйесің, құшақтайсың. Алайда көздері бәрібір мұңға толы. Бірнеше нәресте бір бөлмеде жатады. Ойланасың, біреу балаға зар. Ал біреу оңайлықпен баласынан бас тарта салады. Оларға барғаннан кейін ұзақ уақыт көзіңе жас аласың, мына өмірдің қандай қатігез екенін ойлайсың", - деді ол.

Продюсер осы уақытқа дейін бала асырап алуға әрекет еткенін, алайда оның сәтсіз аяқталғанын да айта кетті.

"Бала асырап алғым келгенімен, ол іс сәтсіз аяқталды. Бұл жайлы кейінірек айтып беремін. Мұның бәрін не үшін жазып отырмын? Адамдар қатігезденген уақытта мейірімді болуға күш табу маңызды. Жақындарымызға жақын сөз айтайық. Бұл адам жанын емдейді", - деді Алуа Қонарова. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста