Компьютербастылық абырой ма, әлде қатер ме?

Бірнеше жыл бұрын Мұхтар Шахановтың «Компьютербасты жарты адамдар» өлеңінің елді елең еткізгенін білеміз. Өлеңдегі ақсақалдан «неше балаңыз бар?» деп сұрағанда, ғылым қуған үш ұлын «бір жарым» деп айтуынан кереғар пікір туды. Бүтін бір бала санайтын ұлы өлеңде ұлтының техника саласына еңбек сіңіріп жүр, ал екеуі шетел асып, білім қуғандықтан, әкесіне жақпады. Ақынның «мониторкөз», «компьютербас» дегені, қазіргі қазақшаға шорқақ, шет тіліне жүйрік, ғылым мен техниканы игерген білімді жас болар. Міне – қайшылық. Техникаға еңбек еткен адам мен ақпараттық технологияны игерген адам – екеуі де нақты ғылым саласы емес пе? Мәселе – ғылымның тілінде емес, адамның білімінде. Ел дамуына ауадай қажеті де – техникаға жетік адам. Ел дамуының кілті де – сонда. Ендеше, дәл қазір біздің компьютербастыларға мұқтаж болып тұрғанымыз – шындық.

Интернет бізде – қиын, Қытайда – тиын
Мәдениет, әдебиет саласы адамдарын айтпағанда, ел ағасы жасындағы ғалым­дар­дың өзі компьютерден бейхабар. Адам­­­ның бүкіл жұмысын жеңілдетіп отыр­ған әрі ғылыми жаңалықтары мен жоба­ла­­рын жүзеге асыруға көмек беретін құ­рал­ға жай ғана темір не ойнауға арналған ер­мек көзі деп қарау әлі де бар. Ком­пью­тер­ге «көмекші бас» ретінде қарамайын­ша, әлем­нің жетекші елдерінің қатарына қо­сы­ла алмаймыз. 50 дамыған елдің қа­тарына ілігуді діттеген ел әлемдік өркениет ағымына әуелі білімі, өндіріске енгізген жаңалығы арқылы ғана ілесе алмақ.
Ғалымқайыр МҰТАНОВ, техника ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:
– Барлық тірлігімізді сапалы дең­гей­ге көтерген – ақпараттық техно­ло­гия. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінде «Информатика және басқару» кафедрасын ашып, Nokia-ға ма­мандар, ғылыми жобалар дайын­дай­тын Финляндияның Йоенсуу уни­вер­ситетімен (Joensuun yliopisto) бір­ле­сіп маман дайындау мәселесін шеш­тік. Студенттер қалған екі жылын Фин­лян­дияда оқыды. Соны бітірген та­лант­ты балалар қазір Nokia және басқа компанияларға шақыртылып, әлемдік деңгейде жақсы қызмет атқарып жүр. Қазақстандағы ақпараттық техно­ло­гия­ға келсек, Қазақтелеком, Beeline, Kcell сынды үлкен монополиялар бізге мүм­кіндік бермей отыр. Шетелде жақ­сы технология шықса, дамиды. Олар жа­ңа технологияларды жібермей ұс­тап, содан пайда тауып отыр. Бізде та­риф тым жоғары. Шетелде, Еуропаның бір­де-бір елінде мұнша қымбат емес. Қы­тайда тіпті тиын. Біз 3G-ға әлі көше ал­май жатырмыз. Елбасы айтқандай, 4G-ға көшу қажет. Оған көшсек, жаңа деңгей қалыптасады. Сол кезде ауыл балалары, шалғайдағы адамдар ақпа­рат­тық кеңістікке өзінің ұялы теле­фонымен шығу мүмкіншілігін алады. Қазіргі ұялы телефондардың компью­тер­ге жақындап келе жатқанын білесіз. Мектептерге болашақта планшет қою арқылы, ешкімнің рұқсатынсыз, тіке­лей орта қалыптастыруымыз керек. Мүм­кіндік – сол ортаға кіретін жүйеде. 4G-ға көшіп, тарифтерді түсіретін бол­сақ, ақпараттық технология мәселесі ше­шіледі.
Бізді құртқан «көк шолақ» – интернетті пайдалана алмаушылық
Қазақ қоғамында әлі күнге дейін ескі ой­лау­мен аяңдаушылар көп. Ғылым жетіс­тігін өндіріске енгізуді қарыштап даму­дың көзі деп білмейді. Білгендер өз әлінше қисынын тауып жатқан жайы бар. Ақпарат игілігін жаппай мемлекет болып қолда­ма­йынша, 50 дамыған елдің қатарына қо­сы­луы­мыздың ауылы әлі алыс. Бұрынғы да­ныш­пандарымыз ақпараттық технология жетістігінің келетінін, жеміс беретінін сез­ген­дей. Ыбырай Алтынсариннің ХІХ ға­сыр­да айтқан «айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызды» дегені интернет емей немене? Әлемнің озық елдерін шар­лап, шет тілдерінде сайрап, дәріс беріп жүр­ген нағыз заманауи қазақтың бірі Асқар Жұмаділдаев интернеттің пайдасын көру не зиянын шегуі адамның ақылы мен біліміне қатыстылығын айтып еді: «Пышақ хи­рургтің қолында болса, адамның со­қыр­шегін кеседі, демек, пайдасы бар. Ал баскесердің қолында болса, адам өлтіреді, пайдасы жоқ. Мен білетін бағдарламаның 99 пайызын адамдардың барлығы ақы­мақ тірлікке пайдаланады. Электронды пошта ұстасаңыз, сізге спам келеді. Спам – күл-қоқыс деген сөз. Интернет те пышақ сияқ­ты. Дұрыс пайдалансаңыз, оның пай­дасы ора­сан зор. Өкінішке қарай, бізде дұ­рыс пай­далануды, керекті ақпаратты қай сайт­тан кіріп алуды білмейді. Көбісі ре­ферат қа­на көшіреді. Одан басқа қан­шама кәсіби қо­ғам сайттары бар. Мен тек қа­на сондай сайт­тарды пайдаланамын. Ки­но көр­мей­мін, музыка тыңдамаймын. Ол босқа уа­қыт құртады».
Зиялы қауым мен әдебиет өкілдері ба­ла­сының пайдасы жоқ нәрсеге бой ал­ды­руы­нан қорқады. Адамды азғырып, қас­тандыққа баулитын фильм, бейнетас­па­лар, өзі түсінбейтін өзге тілдегі даңғаза му­­зыка, шытырман атыс-тартыс ойын­дар­ға әуес боп кеткеніміз жасырын емес. Одан қандай кесір бар? 1. Жасөспірімнің миын улайды; 2. Дамуын тежейді; 3. Басқа пай­далы дүниені ойлауға тіпті мұр­ша­сын кел­тір­мейді, пайда мен зиян­ның ақ-қарасын ажы­ратпайды; 4. Мең-зең кү­йінде «жал­мауыз» ақпаратқа тәуелді бо­лады.
Интернет жүйесін дұрыс пайдалансаң, пайдасы ұшан-теңіз дедік. «Мені құртқан көк шолақ» деп Кенен жырлағандай, мәселе бізді құртқан – дұрыс пайдалана алмаушылықта. Ақын-жазушыларымыз­дың да компьютербасты адамдардан қор­қуы осы себептен шығып отыр. «Жарты адам­ға» балағандары – компьютерді ер­мек­ке пайдаланатындары, ойынға құ­мар­лары. Шынтуайтында, интернет мәдениет­ті ұр­пақ тәрбиелеу құралы ма? Адамның адами болмысының қалыптасуына, мә­дениеті мен мінез-құлық тәрбиесіне әс­ері қан­дай? Интернетті ұрпақ мәдениетін қа­лып­тастыру құралы деп қабылдағанымыз дұрыс па, бұрыс па?
Аршат ОРАЗОВ, сайт жасаушы, блоггер, «Егемен Қазақстан» газеті сайтының әкімшісі:
– Интернетке тәрбие құралы ретін­де қарауға болмайды. ТВ не, интернет не, бәрібір. Адамды өзі және ата-анасы тәрбиелейді. Интернет – тек көмекші құрал. Бірақ дәл қазір балаларға, жас­өс­пірімдерге арналған тәрбиелік мәні бар сайттар көріп тұрған жоқпын. Ке­рісінше кері әсер беретін мазмұндар кө­бейіп бара жатыр. Мысалы, қазаққа жат, діни ағымдар белең алуда. Ата-аналар балаларына интернеттен тек қа­жетті ресурстарына рұқсат беріп, өз бақылауында ұстағандары жөн. Жас­тар­ды жаппай жаулаған агенттің ең үл­кен зияны – интернеттегі әліп­пе­міз­ді бүл­діруі. Қазақша әріптер оқыл­май­ды деп орысша әріптермен жазып кеткен жас­тар тек агент емес, ин­тер­нет­тегі сайт­тарда да солай жазуда, қол­дары үй­реніп қалған. Халықтың ақпараттық тех­нологияны игермеуі – сауатының жоқ­тығында. Бұған БАҚ та кінәлі. Ин­тернет, компьютерге қатысты жеке беті не айдары бар газет, журнал, телебағ­дар­лама бар ма? Көрсетіңізші?!
Айгүл КЕМЕЛБАЕВА, жазушы:
– Заманға лайық болу керек. Ком­пьютерде басуды бір жыл бұрын ған­а үйрендім. Бұрын ақысын төлеп бас­тыр­татынмын. Қате көп болған­дық­тан, екі жұмыс істеуге тура келетін. Қа­зір өзім қатесіз басамын. Бірақ көп опе­ра­цияны біле бермеймін. Әдебиет өкіл­дері мен зиялы қауымның ком­пью­терге жо­ламауын ескі зиялылық, ақсүйек­тік­тің белгісі деп ойлаймын. Герольд Бель­гер: «Компьютерді мен де үй­рен­дім, бірақ мониторға қара­сам, ойым шатасып кетеді. Сосын тас­та­­дым», – дейді. Ол кісілер ком­пью­тер­дің қо­ғам­ды бұзып-жарып бара жат­қан си­паты үшін қабылдай алмай­тын бо­лар. Се­мейдегі Медеу Сәрсеке – өте ең­­бекқор адам, компьютерді же­тік мең­герген. Байқауымша, жылда ком­пью­­те­рінің моделін ауыстырып оты­­ра­ды.
Бізде интернет этикасы қалыптаспаған
Шыны керек, компьютерде мәтін теру – технологияны жете меңгергендік емес. Онда жұмыс істеу, түрлі жобалар жасау, жаңалық жасау не енгізу, сайт не блог ашу – енгізу, тым болмаса, пайдалы сайт­тардан ақпарат алу – шын жетістік. ІТ-маман Ар­шат Оразов­тың айтуынша, дау-дамай, пі­кірталас, ав­тор­лық құқыққа қол сұғу оша­ғына айналған қазақ ин­тер­не­тінде этика әлі қалыптаспаған. Шетел­ден оқып келген сайт дизайнерлері біз­дің елде интернет жүйесінің тым қалыс қал­ғандығын айтады. Сайт дизай­нер­лі­гінде бәсекелестік жоқ.

P.S.
Техника тілін меңгерген нақты ғылым мамандары бұл ретте әлдеқайда алда. Мемлекетімізді ілгері жылжытып тұрған да солардың инновациялық жобалары мен өндіріске енген жаңалықтары. Ұлттық музыкамыз тыңдалмай, кітап оқылмай, әдебиет, мәдениет дамымай жатыр дейміз. Оған да кінәлі – өзіміз. Түрлі сайт ашып, ішіне ән, күй, поэзия, проза – мұраларымызды іліп тастасақ, кім «тәйт» десін?! Ресей жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарына «Әлеуметтік коммуникация» атты пән енгізіпті. Информатика мен ақпараттық технология сабағынан тыс бұл пән арқылы коммуникация, ақпарат игіліктерін игеруді әр мамандықтың қызметі мен қажеттілігіне қарай үйретеді екен. Пәннің басты мақсаты – ақпараттық технология, байланыс саласынан сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Бізге де осындай түрткі қажет. Әйтпесе тасбақа жүріспен талай қызықтан қаларымыз сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста