Қазақ халқы ежелден-ақ жылдың әрбір мезгілін өзіне тән сөздерімен айтатыны белгілі. Мысалы, «Жаз шықты», «Күз келді», «Қыс түсті», «Көктем туды» деген тіркестер осыған дәлел. Осы қосарлы атау сөздердің әрқайсысының өзіне тән мағынасы бар. Осы арадағы «Көктем туды» деген сөздер көктемгі кезде табиғаттағы күллі тіршіліктің қайтадан жаңаратынын нақты айқындап тұр емес пе? Ұлтымыздың тіліне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне ерекше көңіл бөліп, үлкен жанашырлық танытқан ғалым Сейіт Кенжеахметұлы «Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлім 220 түрі» деген көпшілікке арналған көмекші оқу құралында «Наурыз — көктемнің басы. Халық «көктем туды» деп атайды, яғни «жақсы күн туды», «төл туды» деген ұғымды білдіреді» деп айқын атап көрсеткен болатын. Олай болса, дұрысы «Көктем туды».
6 жасар және 60 жаста
Газет бетінен кейде 33 жасар адам, 25 жасар жігіт деген тіркестерді кездестіреміз. Қазақ «жасар» деген сөзді балаға қатысты қолданады. Мысалы, алты жасар Алпамыс. Ең әрі кеткенде 16-17 жастағы жасөспірімді атайды. Одан үлкендерді жастағы, жасқа келген дейді. Мысалы, 45-тегі жігіт ағасы, 50-лерге келген әйел. «Толған», «келген», «алқымдаған», «келіп қалған», «жасаған» деген сөздер де әр түрлі жасқа қарай таңдап айтылады.Сондай-ақ қайтқан адамның «туғанына 70 жас толуына орай» деп жатады, бұл дұрыс емес, «туғанына 70 жыл толуына орай» деген дұрыс.
Көктем «келді» ме, әлде «туды» ма?
Последние статьи автора