Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №33 жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбында «Көктем аруы» атты сайыс өтті. Ұйымдас-тырушылар бұл сайыстың бүлдіршіндерге беретін тәлім-өнегесі мол екенін айтады.
Мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жансеркеева Гүлжан: «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың әр отбасына ерекше сән беріп отыратыны белгілі. Өзіне тән табиғи ерекшелігімен бірге, оларға тәрбие беретін ортаның да айтарлықтай әсерінің бар екені рас. Ал оларға дұрыс тәрбие беріп, өмір атты кең арналы тіршілікке жол сілтеу бірінші ата-ананың міндеті дейтін болсақ, екінші кезек – қанатын қатайтып, болашаққа жол сілтеп, қарлығаштай ұшыратын мектеп ұясының ықпалы. Мектеп білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы болғандықтан, «Көктем аруы» атты сайысты қолға алдық», – дейді. Кішкентай аруларымыз «сәлемдесу», «өз өнері», «сән үлгісі», «сұрақ-жауап», «үй тапсырмасы» шарттары бойынша бақтарын сынады. Әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені (Ханшайым) Мамаева Адель, бірінші орынды Болатбек Мадина, екінші орынды Сейдімбекова Аружан, үшінші орынды Сансызбай Альбина «Көктем аруы» атанды. Ал қалған номинациялар бойынша «Әнші ару» Аружан Санатбекова, «Өнерлі ару» Русланқызы Саида, «Биші ару» Әсем Кәзиева, «Мейірімді ару» Құсманова Әлия, «Сүйкімді ару» Қайырбекова Ләззат лайықты саналды.
Роза МӘКЕЖАНОВА, Алматы қалалық №33 жалпы білім беретін мектеп директоры:
– Жалпы, көктем мезгілінің синонимі – әйел, ана, қыз. Олар қандай сұлу болса, көктем де сондай сұлу. Табиғат оянса, біздің де бір үмітіміз оянғандай болады. Ал бүлдіршіндеріміз осындай талпыныс жасап, өздерін көрсетіп жатса, келешекте бүкіл республика танитындай азамат болса екен деген үмітіміз де жоқ емес. Біздің басқа мақсаттарымыздың бірі – ата-ана мен мектептің арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Осындай іс-шараларда ата-аналар өз балаларының қаншалықты талантты да дарынды екенін көреді.
«Көктем аруы» таңдалды
Последние статьи автора