«Көкенің» тұсауы кесілді

«Көкенің» тұсауы кесілді

Оралда облыстағы тұңғыш халық театрының негізін қалаған өнер тарланы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, режиссер Мұқамбетжан Ғұмаров туралы кітап шықты. «Көке» деп аталған жаңа туындының авторы – ақын, журналист Ұлдай Сариева. «Жайық-Пресс» ЖШС-інің баспасөз орталығында өткен кітаптың тұсаукесеріне халық театрының байырғы әртістері, Мұқамбетжан Ғұмаровтың ұрпақтары мен үзеңгілес жұмыс істеген көзкөргендер, автордың әріптестері қатысты.
Кітаптың мұқабасындағы «Көке» деген жазуды көрген адам бірден автордың өз отбасы туралы еңбек екен деп қалуы мүм­кін. Ал әдебиеттің ауылына мектеп қа­быр­ға­сында жүргенде-ақ ат байлаған ақын Ұлдай Сариеваның бір кездері Жалпақтал халық театрының әртісі болғанын Жайық жұр­тының бірі білсе, бірі білмейді. Осы кітапты жазуға қолына қалам алғызған да сол өнер ұжымын басқарып, қазақ мә­де­ниетіне сүбелі үлес қосқан, барша жалпақ­тал­дықтар «Көке» деп атап кеткен режиссер ағаның дара болмысы мен әртістік ше­бер­лігі болатын. Жаңа туындысында автор М.Ғұмаровтың өнердегі өнегелі өмірін, об­лыстың Жәнібек жерінде алғашқы халық театрының іргетасы қаланып, соғыс жыл­да­рында Жаңақалаға көшіріліп, кейін жа­бы­лып қалғанын, араға жылдар салып Жал­пақталда қайта түлеген театрдың өрлеу кезеңін деректік құжаттар негізінде баяндап жазған. Оқырманды елең еткізер тың жаңалық Мұқамбетжан Ғұмаровтың әйгілі суретші Сәкен Ғұмаровтың туған әкесі екен­дігі жайлы мәлімет те осы кітапта алғаш рет беріліп отыр.
Кітаптың таныстырылымына қатысқан «Жайық-Пресс» ЖШС-інің бас директоры Жантас Сафуллин, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, облыстық телеарнаның директоры Асланбек Ғұбашев, байырғы әртіс Айсұлу Ел­жанова, мәдениет саласының май­тал­мандары Гүлсім Кадешова, Сара Танабаева, Айман Қуатова, Базарғали Қуатовтар Ұл­дай Сариеваның шығармашылығы жайлы сыр шертіп, режиссер Мұқамбетжан Ғұ­ма­ров туралы естелік әңгімелер айтты.
Тұсаукесерге жиылғандар өмірінің со­ңы өкінішпен өтіп, мәңгілік мекеніне ат­тан­ғалы елеусіз қалған тұлғаның биыл 100 жыл­дығын атап өту керек деген ұсыныс білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста